• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:59:49
Алматы
+35°

08 Маусым, 2018 NEWS

Астанада қайта дауыл соғады

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

«Қазгидромет» РМК мәліметінше 8 маусымда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай көшпелі жел соғады, екпіні 15-20 м/с, уақыт өте 23 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Осыған байланысты Астана Төтенше жағдайлар департаменті елорданың тұрғындары мен қонақтарына ескертеді: 

- мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр; 

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

- егер дауыл ғимаратқа дейін соқса терезеден алыстау кетіп, қауіпсіз жерге, дәлізге, бекем орнатылған шкафтың қасына барып тұрыңыз. Электроэнергияны ток көзінен ажыратып, газ желісіндегі құбырды жабыңыз. Шаңды дауыл кезінде бетіңізді дәкемен, орамалмен, мата қиындысымен бүркемелеп алыңыз, ал көзіңізге көзілдірік таққан дұрыс. 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір