• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:09:20
Алматы
+35°

10 Қазан, 2018 NEWS

Астанада полиция жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Министрлік мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы және 347-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев бұл мәліметті растады.

Садубаевтың айтуынша, Астанада 7 қазанда полиция қызметкері мас күйде жеке көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. «Полицей оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жол апатына кінәлі адам сол күні анықталып, ұсталды. Адам қағып кеткеннен кейінгі оның әрекеті және ішкі істер органында қызмет ететіні процесс мүшелеріне әсер етпеуі үшін сот санкциясымен ол екі ай мерзімге қамауға алынды», - деді ІІД өкілі.

Министрлік мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы және 347-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

«Сонымен қатар ішкі тексеру тағайындалды, соның нәтижесінде полицейдің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылады не жұмыстан босатылады», - деді ІІМ ресми өкілі. Осы категория бойынша: « Ақмола облысында жылу қазандығы жарылып, 1 әйел мен 5 бала зардап шекті Астанада 15 мектеп директоры жазаланды »

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір