• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:14:26
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 NEWS

Астанада арба ұрлығымен айналысқан 24 жастағы қыз ұсталды

ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала аумағында балалар арбасын ұрлады деген күдікпен 24 жастағы қызды ұстады.

Ол қалалық емхана дәліздеріндегі арбаларды жымқырып отырған. Ұсталған адамның 4 арбаны ұрлағаны анықталды. Күдікті қымбат арбаны жымқырып, оны достары мен таныстарына сыйға тартып отырған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ұрланған арбалар иелеріне қайтарылды.

ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа қылмыстарға да қатыстылығы тексерілуде. Астана қаласының Ішкі істер департаменті аталған адамның заңға қайшы әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Ақбұға көшесі, 2 мекенжайы бойынша «Сарыарқа» ауданы ІІБ-ге немесе төмендегі 8 (7172) 71-66-76, 71-66-74 немесе 102 телефондары бойынша хабарласуын сұрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір