• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:39:46
Алматы
+35°

18 Маусым, 2018 NEWS

Астанада 25 жастағы жігіт бесінші қабаттан құлап қаза тапты

Алғашқы деректер бойынша, көз жұмған ер адамның жасы 25-те болған.

Астанадағы "Ақбұлақ таун" тұрғын үй кешенінде бесінші қабаттан жас жігіт құлап қаза тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаға ересектер ғана емес, балалар да куә болған.

Алғашқы деректер бойынша, көз жұмған ер адамның жасы 25-те болған.


"Шамамен 25 жастағы жігіт терезеден құлап кетті. Аулада тұрғындар болған, біреулер балаларымен серуендеп жүрсе, біреулер орындықта отырды. Кенет бірнәрсенің құлаған дыбысын естідік. Қарасақ, адам құлап кетіпті. Бірден "жедел жәрдем" мен полиция келіп, бізден жауап алды. Қайтыс болған жігіттің құжаты бар екен", — деді оқиғаға куә болған тұрғындардың бірі.

Астананың ішкі істер департаменті оқиғаны растады, мән-жай анықталып жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір