• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:18:38
Алматы
+35°

18 Қазан, 2018 Аймақтар

Астана қаласында әскерилер Елбасы жолдауын талқылады

Ең алдымен әскери-патриоттық тәрбие беру Елбасы атаған мақсатқа жетудің алғышарты екені айдан анық

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы 18 қазанда жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын Астана қаласының жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы зейін қоя зерделеп, Елбасы атап өткен нақты тапсырмалады талдау мақсатында Астана қаласы әкімдігің қызметкерлерімен бірлескен отырыс өткізді.

МО РК

Жергілікті әскери басқару органдарының тікелей жергілікті халықпен, ал нақтырақ айтсақ, жастармен жұмыс жүргізетіндігін ескере отырып, отырыс барысында негізінен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселесі талқыланды.

Жолдаудың 6-шы бөлімінде Президент жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек екендігіне баса назар аударған болатын. Сонымен қатар, келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынып, «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту керектігін ескертті.

МО РК

Осы орайда, әрине, ең алдымен әскери-патриоттық тәрбие беру Елбасы атаған мақсатқа жетудің алғышарты екені  айдан анық.

«Жастар – еліміздің болашағы! Осы орайда Елбасының бұл бастамасын біз толықтай қолдаймыз. Алдағы уақытта жастарды әскерге ынталандыру, әскери-патриоттық клубтардың жұмысын жандандыра отырып, олардың өзара тығыз байланысын нығайту бойынша жұмыстарды күшейте түсуіміз керек», - деп өз баяндамасында Астана қ. ҚІЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Ерлан Жабықбаев атап өтті.

МО РК

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – ҚР Қарулы Күштері қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Елімізде жергілікті әскери басқару органдарының және тәрбие құрылымдарының жүргізіп жатқан жұмыстарының нәтижесінде мектептердің жанында әскери-патриоттық және әскери-спорттық құралымдар желісі белсенді түрде дамуда, әскери-шефтік байланыс кеңеюде, әскери және азаматтық жастар арасында өзара іс-қимыл нығаюда. Бүгінгі таңда әскери сарапшылардың баға беруі бойынша әскери-патриоттық клубтың  төртінші дерлік тәрбиеленушісі өзінің өмірін армиямен байланыстырады. Қорытынды ретінде әскери-патриоттық клубтардың қабырғасында тәлім-тәрбие алған және шыныққан, әскерге шақырылған немесе әскери оқу орындарына оқуға түскен жастардың әскери ғылымның қыр-сырын меңгеруде анағұрлым жоғары дағдылары бар, армиялық қызметтегі жағдайларға жеңіл бейімделеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір