• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:42:01
Алматы
+35°

06 Қазан, 2018 Спорт

«Астана» Францияның «Ренн» командасын 2:0 есебімен ұтты

Келесі ойын 25 қазан күні Чехияда «Яблонец» ФК болады.

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі екінші ойында «Астана» өз алаңында Францияның «Ренн»командасын 2:0 есебімен ұтты, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ойынды «Астана» футболшылары алғашқы минуттардан бастап ширақ бастады. Дегенмен бірінші таймда екі команда да сәтті қорғанды. Бас қаланың футболшылары ойындағы екі голды да екінші таймда соқты. 64 минутта Марин Томасовтың бұрыштамадан асырған добына Бахтиор Зайнутдинов бірінші жетіп, баспен гол соғып, есеп ашты.

Ойын аяғына қарай Янга Марин Томасовқа тамаша пас асырып, ал Марин болса өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Есеп 2:0. «Астана» 3 ұпайға ие болды. «Астана» ФК «К» тобында 4 ұпаймен көш басына шықты.

Келесі ойын 25 қазан күні Чехияда «Яблонец» ФК болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір