• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:08:51
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2018 NEWS

Арыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеті балабақша салынды

Өңірде баламалы энергия көздерін өндіретін жобалар қолға алынып келеді.

Арыс қаласында ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жалпы 7 балабақша ашу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін «Балапан» бағдарламасының аясында балабақшамен қамту деңгейін 90,4 пайызға жеткізу көзделуде. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлім етті.

Бұдан бөлек, Дермене ауылдық округінде 150 және 200 орындық 2 орта мектептің құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысандар  2018 жылдың тамыз айында пайдалануға берілетін болады.

Айта кетерлігі, өңірде баламалы энергия көздерін өндіретін жобалар қолға алынып келеді. 

«Қожатоғай ауылдық округінде «KAZ GREEN TEK SOLAR» ЖШС мекемесі мен француздық «URBASOLAR» компаниясы бірлескен күн сәулесі арқылы баламалы энергияны өндірумен айналысатын зауыт салынады. Жалпы қуаттылығы 14 МВт. құрайтын станцияның құрылысы ағымдағы жылы басталады. Бұл жоба 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек», - деді Мұрат Болатұлы.

Сонымен қатар, өңірде биыл түйе сүт өнімін өндіретін «Желмая» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі қосымша дайын йогурт өнімдері мен түйе жүнін престеу цехын іске қосуды жоспарлауда. Сондай-ақ, аймақта түйе сүтін көбейту мақсатында жалпы құны 3,5 млн теңгені құрайтын өндірістік қуаты  300 тонналық құрама жем шығаратын цех ашылмақ.

Елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту мақсатында 1 млрд 716 млн теңгеге «Отырар», «Оңтүстік», «Наурыз» тұрғын аудандарында инфрақұрылым құрылысы жүргізілген. Алдағы 2018-2025 жылдар аралығында қаланың 26 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Ағымдағы жылы өңірде жалпы 53 көшеге орташа жөндеу және тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір