• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:29:32
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2019 Әдебиет

"Арақ ішкің келсе, атаңмен іш..."

Қалдық біраз жаһанданып, Білеміз қазір жаһанды анық. Естен танып күлуді білеміз, Ашық-шашық жүруді білеміз.

Қалдық біраз жаһанданып,

Білеміз қазір жаһанды анық.

Естен танып күлуді білеміз,

Ашық-шашық жүруді білеміз.

Көп білгеннен сексті,

Некеміз де екіұшты.

Туған бала СПИД боп қалады,

Ержеткендер казиноға барады.

 

Ішіп алып коньякты,

Дос қыламыз маньякты.

Ақша берсе сектаға да кіреміз,

Иегованы да жақсы білеміз.

Кришнайд та бола саламыз,

Кейде құс тұмауы боп қаламыз.

 

Жайлағанда нашақорлық,

Түк емес бізге  араққорлық.

Ішкің келсе атаңмен іш.

Жүрмейді ешкімге зорлық.

 

Долларды қойып, еуроны санаймыз,

Батыс жаққа байға тиді талай қыз.

Бизнестің бәрін «меңгеріп»

Жетімді сатамыз «жөн» көріп.

 

Сатамыз тіпті жерді де,

Керек десең ерді де.

Саудаға салып арымызды,

Сатып жүрміз барымызды.

 

Ұрлықтың  бәрін жасаймыз,

Ұйымдасып алып «асаймыз».

Тіпті адамды да ұрлаймыз,

Кедейленсе бауырымыз,

Оған еш мойын бұрмаймыз.

 

Оһо! Өте тез төтесінен,

Барамыз жаһанданып.

Баяғыша айтқанда

Барды киіп, бақанды алып.

Күләш Байдалы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір