• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:32:44
Алматы
+35°

16 Қазан, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Ар қорғаудың орнына «ақша» қуып кеткеніміз қалай?

Жақсылыққа жарысу арқылы «Рухани жаңғыру» қолдарыңыздан келе ме?

 Ежелгі қазақ рулары Ата салтымызға сай үнемі ЖАҚСЫЛЫҚҚА, яғни игі істер жасау мен жақсы ұрпақ тәрбиелеуге жарысқан. Жеңімпаздарды аузы дуалы абыздарымыз ел-халыққа әйгілеп отырған. Мысалы:

Ұлы Жүз - Үйсін Төле би (1663 – 1756) атамыз:

Асыл тусаң Керей бол,

Үш қазаққа мерей бол.

Уақ болсаң Шоға бол,

Даулы істе жорға бол.

Арғын-Қыпшақ болсаң,-Алтай бол.

Найман-Қоңырат болсаң-Матай бол.

Байұлы болсаң Адай бол.

Үйсін болсаң Ботбай бол.

Бұл атаулы болмасаң,

Қалай болсаң, солай бол! – деп, жоғарыда аты аталған руларды үлгі етіп көрсетіпті. (Бұл дерек филилогия ғылымының докторы Нысанбек Төрекұловтың 1991 жылы жарық көрген Төле би кітабынан алынды).

«Арғын болсаң Алтай бол,

Найман болсаң Матай бол,

Алшын болсаң Адай бол,

Бұл үшеуі болмасаң?,

Қалай болсаң солай бол (Ашамайлы Керей Нысанбай жырау Жаманқұлұлы 1822-1883).

«Ақын болсаң - Абай бол, Қазақ болсаң - Адай бол» (Ел аузынан).

Бұл қағида бізге әлем билеушісі қазақтың ұлы қағаны Шыңғыс хан атамыздан қалған. Қағанның өсиетінде:

«Білегі жуанның бергені жолда қалады,

 Аузы дуалының бергені төбеге шығарады!» деген жолдар бар. Демек, ол заманғы қазақ баласы үшін жақсы ісімен ел-халыққа үлгі болу мен елдің құрметіне бөленуден артық дәреже, байлық, бақыт болмаған.

 Қағанның осы сөзі қасиетті Құран Кәрімнің мына аятымен толықтай сәйкес келеді:

«(Ей, Мұхаммед!) Біз саған кітапты (Құранды) ақиқатпен, өзінен алдыңғы кітаптарды растаушы әрі оларға куәлік етуші ретінде түсірдік. Енді олардың араларына Алланың түсіргенімен үкім ет. Өзіңе келген ақиқаттан ауытқып, олардың көңіл құмарлығына ерме. Сендерден әрбір (үммет) шариғат пен жол белгіледік, Алла қалағанда, сендерді бір үммет етер еді. Бірақ Ол сендерді Өзінің берген нәрселерінде сынамақшы. Сондықтан қайырлы істерде алдында болуға ұмтылыңдар (жақсылықтарға жарысыңдар)! Барлығың Аллаға қайтасыңдар. Сонда Ол сендердің қайшылыққа түскен нәрселеріңнің хабарын береді» («Әл-Мәидә» сүресі. 48 аят).

Түсініктеме: Ұлы Жаратушы - Алла бөлек-бөлек ұлт, тайпа, ру болуды, оларға әртүрлі дінде болуды және ізгі істер (жақсылық) жасауда бір-бірімен жарысуды міндеттеп отыр.

Қазір Біз бәрін керісінше жасап жүрген сыңайлымыз. Қазақстанның орыс тілді билігі Ата жолдан ауытқып, тек қана қарабастарының қамын күйіттеп, пара алу мен жемқорлықтан және ел байлығын шетелдерге асырудан жарысқа түсіп жүргендері ащы да болса бүгінгі күннің шындығы. Күні кешеге дейін «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп, сан мыңдаған жылдар бойы Алланың Хақ жолынан таймай, әлемге үлгі, шамшырақ болған халық едік. Қазір неге елімізде жалған сөйлеу, қиянат жасау, әділетсіздік пен азғындық тым көбейіп кетті? Ар қорғаудың орнына «ақша» қуып кеткеніміз қалай? Жоғарыда көрсеткенімдей, жақсылыққа жарысу арқылы «Рухани жаңғыру» қолдарыңыздан келе ме? Келсе, тырысып көріңіздер! Келмесе, орындарыңызды өз еріктеріңізбен босатуға кеңес береміз!

Билік иелері! Сіздерден сөз жүзінде де, іс жүзінде де салиқалы жауап күтеміз?

 

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір