• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:12:32
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2019 Оқиғалар

Ақтөбелік депутаттар көпбалалы ананың қарызын төлеп берді

Алты балалы ана жатақхананың тар бөлмесінде тұрып жатыр.

Ақтөбе қалалық мәслихатының бір топ депутаты көпбалалы ана Гүлназира Смағұлаваның жағдайымен танысты. Алты балалы ана жатақхананың тар бөлмесінде тұрып жатыр. Бесіктегі баласын үйінде қалдырып, базарда еден жуушы болып жұмыс жасайды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі aktobenews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Келіншек 47 мың теңге жалақы мен 10 мың теңге жәрдемақы алады. Депутаттар келіншектің кішкентай балаларын балабақшаға орналастыруға да көмектескен.

«Бір бөлмелі пәтерде тұрып жатқан көпбалалы ананың үйіне бардық. Тұрмысқа қажетті техника, кілем, азық-түлік жеткізілді. Бөлменің есігін ашқанда үйге қатты жел келеді екен. Бесікте бір жасқа толған бала жатыр. Сол себепті кіре берісіне шағын дәліз орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көпбалалы ананың коммуналдық қарыздары да жиналып қалған екен. Барлық коммуналдық қарыздары төленді. Отбасына әрі қарай көмектесетін боламыз»,- дейді қалалық мәслихатының баспасөз қызметі.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір