• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:56:23
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2019 NEWS

Ақтөбедегі теракт кезінде жараланған полиция қызметкеріне баспана берілді

Әлібек Жетіғарин полиция сапындағы еңбек жолы осылай тез аяқталады деп ойламағанын айтады.

Ақтөбедегі теракт кезінде жараланған полиция қызметкеріне басшылығы баспана берді. 25 жастағы Әлібек Жетіғарин 2016 жылдың маусымында қару-жарақ дүкеніне шабуыл кезінде жарақат алған. Содан бері 3 жыл өтсе де, денсаулығы дімкәс жігіттің отбасы тек мүгедектігі үшін алатын жәрдемақымен күнелтіп келіпті. «Ерлігі үшін» медалін алған экс-полицейдің ерлігі неге кеш еленді? Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасының дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

Әлібек Жетіғарин полиция сапындағы еңбек жолы осылай тез аяқталады деп ойламағанын айтады. Адал еңбек етіп, мансабым өсер деген арманы да болған. Екі жылдың ішінде жас жігіт өзін тек жақсы қырынан көрсетіпті. 6 мәрте мақтау алған, соның ішінде 3 мәрте ішкі істер министрлігі алғыс жариялапты.

Сапта жүрген сержанттың қатардан шығып қалғанына 2016 жылдың маусымындағы теракт сеп болды. Сол күнгі оқиға Әлібектің әлі көз алдында. Патрульдік полицияға «Паллада» қару-жарақ дүкеніне бір топ қаруланған адам шабуыл жасағаны туралы хабар жетеді. Оқиға орнына бірінші болып жеткендердің арасында осы Әлібек те бар еді. 

«Ең бірінші болып бардық, сол кезде бір топ адам шығыпжатқан кезде біз алдарынан кездесіп қалдық. Сол кезде атыс болып, ішімнен, қолымнан жарақат алдым. 7-8 дроб қалды, оны алу не болмай тұр, уақтымен дененің үстіне шығады" деді Әлібек Жетіғарин.

Содырлардың сойқанынан жарақат алған тәртіп сақшысы ұзақ емделген. Алайда, алған жарақатынан оң жақ қолы жансызданып қалыпты. Кейін мүгедектік беріп, жұмыстан босаған. Өзі қызмет еткен мекемеге керек болмай қалғанына ренжіген жас жігіт кейін сотқа шағымданады. Осы түсініспеушіліктің барлығы неден туындағанын бүгін аймақтың бас полицейі өзі айтып берді. 

Махамбет Әбисатов, облыстық полиция департаментінің басшысы: «2018 жылдың қарашасында денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босатылды. Кейін анықтағанымда бұл мен еңбек демалысында жүргенде болған жағдай екенін білдім. Бірақ ол туралы маған ешкім баяндамаған. Біз мына қазір көрсетіп жатқан құрметтің бәрін сол кезде жасауға тиіс едік. Сондықтан, шешім қабылдап, олқылық жіберген екі адам қызметінен босатып, бірқатар басқарма басшылар менің бұйрығыммен жазаларын алды ».

Әлібек қызметтік пәтер болса да, баспаналы болғанына риза. Жақсы жаңалықты ең әуелі ата- анама, келіншегіме айттым дейді. Жас отбасының 4 жасар қызы бар екен, келіншегі екіншісіне жүкті.

Әлібек Жетіғарин: «Қуаныштымын пәтер алғаныма. Әке-шешем, келіншегім көрді. Ұнады оларға да. 2 бөлмелі, 60 шаршы метр. Бізге жетеді деп ойлаймын. Бәрі жақсы, кішігірім ремонт жасау керек.»

Полиция департаментінің басшысы Әлібекке қызметтік пәтерде қалағаныңша тұра бер деп жомарттық танытты. Одан бөлек, әріптестері көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударған. Және Әлібек Жетіғаринге осы уақытқа дейін алып отырған жалақысының 50 пайызын ай сайын аударатын болды.

 Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір