• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:28:20
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2018 NEWS

Ақтөбедегі "банда" туралы ақпаратқа полиция түсініктеме берді

Ақтөбеде 6 және 19 сәуірде болған жағдайлардың байланысы тексеріліп жатыр.

Ақтөбедегі көліктегі атыс пен жүк көлігі жүргізушісінің өлімі арасындағы байланыс тексеріліп жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облысы ІІД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Арман Мұхамедияров хабарлады.

«Әлеуметтік желіде облыс трассасында банда пайда болды деген ақпарат тарады. Бірақ олай емес. Тергеу жұмыстары басталды, 6 және 19 сәуірде болған жағдайлардың байланысы тексеріліп жатыр», - деді ІІД өкілі.

Арман Мұхамедияровтың айтуынша, бүгін облыс жолдарындағы патрульдеу күшейтілген, әрі жағдай құқық қорғау органдарының қатаң бақылауына алынды.

Еске сала кетейік, алғашқы оқиға 6 сәуірде болған. Қарулы белгісіз бір топ Ақтөбе қаласы солтүстік айналма тас жолындағы Ақшат ауылы маңында Mersedes Benz микроавтобусындағы жолаушыларға тап беріп, ақша мен алтын бұйымдар алып кетеді. Атыс барысында 35 жастағы ресейлік азамат зардап шеккен.

Ал 19 сәуірде Ақтөбе-Орынбор тас жолында КамАЗ көлігінің жүргізушісін атып кетеді. Ер адамның өлі денесі тас жолдан 35 шақырым қашықтықта табылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір