• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:49:40
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 NEWS

4 қазан күні Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты үйдің бірнеше қабаты өртке оранды.ТЖД берген мәліметтер бойынша, Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы үйде орын алған өрт туралы хабар сағат 15.03-те түскен. Сағат 15.11-де өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетеді. Сағат 15.50-де өрт ауыздықталып, 16.05-де сөндірілді. 200 адам эвакуацияланып, үш адам құтқарылды. 40-қа жуық пәтер зардап шекті, кейбір пәтерлер түгел өртенді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 37 қызметкері мен жеті бірлік техника жұмылдырылды. Өрт болған жерде шолу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ.

Қала әкімдігі мен ТЖД бірлесе арнайы комиссия құрды. Олар өрттің шығу себебі мен келтірілген шығынды анықтайтын болады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан өрттің салдарынан зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетілмек.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір