• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:59:48
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Аймақтар

Ақтаулық оқушы қыз рекордшылар қатарына енді

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында менталды арифметика бойынша әлемдік рекорд жаңарды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында менталды арифметика бойынша әлемдік рекорд жаңарды. 150 бала эстафеталық әдіспен 30 мың есепті 26 минут, 26 секунд, 12 миллисекундта шығарды. 120 мемлекеттен жиналған балалардың қатарында ақтаулық Орынгүл Арыстан да бар. Бұл - алғыр оқушының бұл алғашқы жетістігі емес.

Рекорд 20 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласындағы ІІ Еуразиялық халықаралық әйелдер форумы аясында орнатылған. Әлемдік және Азия Рекорд кітабының өкілдері тапсырманы қыздарға сынақ ретінде ұйымдастырған. Бұл – тарихта алғаш рет орын алған әлемдік рекорд. Балалардың барлығына форумға қатысқаны үшін, Рекорд орнатқаны үшін дипломдар және Ресейдегі Қазақстан елшісінің Алғыс хаты табысталған.

Орынгүл Ақтаудағы №17 мектептің 6 сыныбында оқиды. Оқу озаты менталды арифметикаға 4 сыныптан бері қатысады. 2017 жылы желтоқсан айында Малайзияда өткен менталды арифметика олимпиадасында бас жүлде иеленген. 3 мың баланың ішінен суырылып шыққан есепке жүйрік қыз туған күнінде өзіне үлкен сый жасаған.

-Жарыста кішкене қобалжу болды, өйткені қатысушылар өте көп және бірінен-бірі мықты. Бәрімізге бір ғана қалам беріп, уақытты есептеп тұрды. Біз бір тапсырманы кезек-кезек орындадық. Сонда ментальды арифметика бойынша рекорд жаңарттық, — дейді Орынгүл.

Орынгүл «UCMAS» халықаралық интеллектуалдық даму академиясының Актаудағы филиалында оқып жүр. Қазір төртінші деңгейге жеткен.

-Орынгүл алғаш үйірмеге келгенде топта одан өзге 5-6 бала болды. Жалпы балалар менталды арифметикаға қызығып бастағанымен, аяғына дейін жеткізе алмай, шыдамай жатады. Ал Орынгүл ынтасымен, талабымен бірден көзге түсті. Кез келген саланы үйіріп алып кетеді, қатысатын үйірмесі көптігі сонша, бос уақыты жоқ, — дейді менталды арифметикадан дәріс беретін мұғалімі Қарлығаш Абдреимова.

Орынгүл математикамен қоса қазақ тілі, дене шынықтыру, технология және музыка пәндерін сүйіп оқиды. Есеп шығарудан бөлек сурет салып, би билейді. Ағылшын тілін де меңгеріп жүр. Болашақта дәрігер болуды армандайды.

Ол екі таңбалы сандарды бірден қосып, оларды бір таңбалы сандарға жылдам көбейте алады. 8 минутта 180 есепке дейін шығара алады.

Менталды арифметика олимпиадасы Малайзия елінде биыл да өтеді. Орынгүл тағы да бағын сынап көргісі келетінін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір