• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:28:30
Алматы
+35°

20 Қазан, 2018 Аймақтар

Ақтауда Роза Айдарбаеваның щығармашылығына арналған күйші қыз-келіншектер байқауы өтті

Байқау қатысушылары арнайы дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер табысталды

18-19 қазан күндері Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының бастамасымен, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры, «Құрмет» орденінің иегері, күйші Роза Айдарбаеваның шығармашылығына арналған республикалық күйші қыз-келіншектер байқауы өтті.

Екі күнге созылғанн өнер сайысына 23 домбырашы қатысты. Олар еліміздің Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан жиналды.

Роза Айдарбаева өзі басшылық еткен қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Кәрима Сүндетқызы Сахарбаева, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы Гүлперизат Елеусізқызы Ұлтарақова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Рахат Бекболұлы Мәдіреев, мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы қорының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижеры Абылай Жанболатұлы Тілепбергенов және Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің әртісі Ғалия Ақбергенқызы Қожабергенова бар.

-Байқау үш турдан тұрды, ақтық сында 15-тей домбырашы қалды. Қазақ күйінің анасы – Дина шешеміз ғой. Оның атында да қыз-келіншектер конкурсы бар. Қыздар мен ер адамдардың араласып жатқанынан гөрі бір ерекшелік болсын деп қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылды. Орындаушылардың шеберлігі өте жоғары деңгейде, менің және әкемнің күйлерін күнделікті тыңдап жүргендей нақышына келтіріп орындады. Конкурс өткізу идеясы мен 60 жасқа толғанда келген болатын. Бірақ барлығы қаржыға қарап қалады ғой. Дегенмен биыл облыс басшысы Ералы Тоғжанов арнайы қаржы бөліп, байқауды өткізу мүмкіндігіне ие болдық, - дейді Роза Тайманқызы.

Еліміздің түкпір-түкпірінен бас қосқан домбырашылар арасында ІІІ орынды Қыдырсихова Тоғжан (Алматы), Пердебекова Дидар (Ақтау), Үмбет Тоғжан (Астана), ІІ орынды Зинор Нұрай (Атырау), Әбдуахап Сымбат (Алматы), І орынды Бекенова Әнел (Алматы) мен Айнұр Сахупова (Атырау) қанжығалады. Ал бас жүлдені Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 2 курс студенті Назерке Базарбаева еншіледі. Тайман Айдарбаев атындағы арнайы жүлде оның күйлерін жоғары деңгейде орындаған Әбдуахап Сымбатқа бұйырды.

Байқау қатысушылары арнайы дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер табысталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір