• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:11:53
Алматы
+35°

11 Қазан, 2018 Аймақтар

Ақтауда кәсіпкерлерге пайызсыз қарыз беретін жоба таныстырылды

Бағдарлама әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге 1,5-3 млн теңге аралығында 5 жылға пайызсыз қарыз береді

Бағдарлама әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге 1,5-3 млн теңге аралығында 5 жылға пайызсыз қарыз береді. «Жарқыра» бағдарламасы 2019 жылы Маңғыстау өңірін қамтып, Ақтау, Форт-Шевченко қалалары мен Баутино, Боранқұл елді мекендерінде іске асады деп жоспарланған.

Бағдарламаның аймақтық үйлестірушісі Асқар Секербаевтің айтуынша, бағдарлама Орта Азияны дамыту қоры мен «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен жүзеге асып келеді. Мақсаты — қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелеріне тұрақты кәсіпкерлік шешімдерді ұсынуға бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларға серпін беру.

«Бұл жоба өте тиімді. Қазір ұсынылып жатқан гранттардың ішінде ең жоғарғы қаржы болып саналады. Көбіне үлкен көлемдегі қаржылар несиеге беріледі. Маңғыстаулықтарға қор қаражаты жаңаша бағытта кәсіп дамытуға септігін тигізетініне сенім артамын», — деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев.

Бұл бағдарлама 2016-2018 жылдар аралығында Атырау қаласында жүзеге асты. Өткен жылдың өзінде 7 әлеуметтік-кәсіпкерлік 62 мың доллардан астам қаржы бөлінген екен.

«Жарқыра» бағдарламасының бір ерекшелігі — қатысушылардың жасына шектеу қойылмауы. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады және үйрену талаптары қарапайым. Бірінші кезең – әлеуметтік идеяларды іріктеу, екінші кезең- қатысушыларды таныстыру, семинар мен дәрістер оқу. Сондай-ақ тағылымдамадан өтіп, кеңес беріліп, бизнес-жобаларын қорғау.

mangystaumedia.kz мәліметінше, бағдарлама арқылы әлеуметтік кәсіпкерлер қордан жыл сайын қаржылай қолдау алуына болады. «Жарқыра» мынадай бағыттар бойынша жобаларды қолдайды:

*Балалар мен жастар

*Денсаулық сақтау

*Білім беру Халық дәстүрлерін жандандыру

*Экология Спорт Мәдениет және өнер

*Осал адамдарға қолдау көрсету: жалғыз, мүгедектер, қарттар, оралмандар және т.б.

Әлеуметтік кәсіпкерлік — қоғамның өзекті мәселелерін инновациялық жолмен шешуге көмектесетін әлеуметтік миссиясы бар бизнес. Сондықтан да бұл бағдарлама көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр. Бағдарламаны жүйелі жүргізу үшін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы мен Еуразия Орта Азия қоры арасында түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, осы бағыттағы жұмыстар 23 қазан Форт-Шевченко қаласы, Баутино елдімекені, 24-25 қазан Ақтау қаласы, 29 қазан Боранқұл ауылында басталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір