• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:10:42
Алматы
+35°

17 Қазан, 2018 NEWS

Ақшаң болса қалтаңда, азаматтық сатып ал да, талтаңда

Осыдан біраз уақыт бұрын Bloomberg агенттігі азаматтықты ақшаға сатып алуға болатын мемлекеттердің тізімін жариялады

Кеше «Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерінде «Қазақстанның азаматтығын алу үшін шетелдіктерге 150 мың доллар төлеу жеткілікті» деген ақпарат тарап кетті.

ҚР азаматтығы шетелдіктер үшін $150 000 тұра ма?

Алайда кейіннен бұл ақпараттың ақиқатқа сай келмейтіні анықталды. Бірақ дүние жүзінде мұндай ақшаға азаматтық бере салатын елдер бар. Ол үшін инвестор ел экономикасына мол қаржы құйып, қазынаға көп мөлшерде салық төлеуі керек. Сонымен...

Осыдан біраз уақыт бұрын Bloomberg агенттігі азаматтықты ақшаға сатып алуға болатын мемлекеттердің тізімін жариялады. Ол үшін ең алдымен ел экономикасына тиісті мөлшерде инвестиция құюуың керек.

Сонымен қалтаңызға қаржыңыз сыймай бара жатса, сіз қай елдің азаматтығын алар едіңіз? Агенттіктің дерегінше, алғашқы ондыққа он ел кірген. Соның ішіндегі сегізі халықаралық валюта қорының дерегі бойынша офшорлық аймақ болып саналады. Бірақ сарапшылардың айтуына қарағанда,  бай кәсіпкерлердің көбісі азаматтықты басқа себеппен сатып алатын көрінеді. Оның ішінде қаржыдан жалтару  дерегі негізгі себеп екені сөзсіз. Ал азаматтық алуға болатын ең қымбат елдердің бірі – Австрия. Австрия төлқұжатын алу үшін сіз ел экономикасына 23,75 миллион доллар құюыңыз керек. Одан кейінгі орында 2,375 миллион доллармен Кипр мемлекеті тұр. Үшінші орынды Мальта елі алады. Ол үшін сіз аталған елдің қазынасына 1,065 миллион доллар инвестиция төлеуіңіз қажет. Тіпті  меншігіңіздегі яхтаңыз бен екі ұшағыңыз арқылы да Мальта елінің  төлқұжатын алуға болады. Ал ең арзан ел қайсы? Сонымен, кішкентай аралдағы Доминика, Сент-Люсия, Антигуа және Барбуда елдеріне 100 мың доллар берсеңіз, қиналмай, жедел түрде аталған мемлекеттің азаматы атана аласыз. Ал  Египет парламенті бұған қатысты арнайы  заң қабылдап, мұны жақында ғана бекітті. Егер шетелдік азамат Египетте бес жыл тұрып, ел экономикасын дамытуға  400 мың доллар бөлетін болса, онда елдің азаматтығын алуға толық құқысы бар.

...Әрине, бай адамға бұл түк емес, ал басқаға қиын.

Берік Бейсенұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір