• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:06:03
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2018 Саясат

Нұргүл Мауберлинова ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қарашасында Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар мен коммерциялық секторда жұмыс істеген.

2006-2008 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінде бас маман, бас сарапшы.

2008-2012 жылдары – ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Ақпарат-сараптама орталығында бас кеңесші.

2012-2016 жылдары – ҚР президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының орынбасары, Парламент Мәжілісі төрағасының кеңесшісі.

2016 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрайымы болды.

Erkebulan Nurekesh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір