• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:30:59
Алматы
+35°

19 Қазан, 2018 NEWS

Ақмолада намаз оқыған дәрігер сотта жауап берді

Прокуратура  Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес мемлекеттік сектор

Прокурор дәрігерлердің жұмыс кабинетінде намаз оқуы намазхананы заңсыз ұйымдастыру болып табылатынын сотта дәлелдей алмады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Көкшетау әкімшілік соты құқық бұзушылықтың болмауына байланысты намазхан дәрігерге қатысты істі тоқтатты, себебі облыстық аурухана мемлекеттік мекемеге жатпайды.

Прокуратура  Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес мемлекеттік сектор мемлекеттік меншікке негізделген ұйымдардан тұратынын, оғанАқмола облыстық ауруханасы да кіретінін алға тартып, наразылық білдірді.  

Процесс кезінде дәрігер К. жұмыс жүктемесіне байланысты барлық дәрігер демалатын бөлмеде намаз оқитынын түсіндірді. Ауруханада кеңесуге арналған ординаторлық бөлме бар. Дәрігердің екі куәгері намазды меңгерушінің бөлмесінде немесе ординаторлық бөлмеде оқитынын айтты.

Апелляциялық сот дәрігерлердің кеңседе оқыған намазын намазхана ұйымдастырды деп қарастыруға болмайды және жергілікті атқарушы органдарда тіркеу қажет емес деп тапты.

Сот Көкшетау әкімшілік сотының шешімін күшінде қалдыру туралы қаулы шығарды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір