17 Маусым, 2018 NEWS
Ақмола облысында аса қауіпті қылмыскер түрмеден қашып кетті
ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, ер адам 17 маусымда Степногорск қаласындағы мекемеден қашып кеткен.
Ақмола облысында аса ауыр қылмысы үшін сотталған ер адам колониядан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, ер адам 17 маусымда Степногорск қаласындағы мекемеден қашып кеткен.
"17 маусымда Степногорсктегі ЕЦ-165/18 мекемесінен аса ауыр қылмысы үшін сотталған Е.Ж.Қасенов қашып кетті. Ішкі істер органдары оны қайда екенін анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралар кешенін жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Сәдубаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір