• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:54:15
Алматы
+35°

04 Қазан, 2018 Сұхбат

Апалы-сіңлілі жетеудің дүниежүзілік сән әлемін бағындыру құпиясы

Фарзана Шаршембиеваның әпке, сіңлілерімен қосылып 7sisters брендін құрды.

Фарзана Шаршембаеваның есімі әлемге әйгілі. Десе де туған жері Қырғызстанда Фарзананы оның пальтосы белгілі америкалық сәнгер Донна Каранның топтамасында пайда болғанда ғана білді. Бұл Фарзананың әлемдік дизайнерлер үшін жасаған алғашқы жұмысы емес. Оның өнімін Еуропа, АҚШ-тың әлемге танымал сән әлемінің патшайымдары мен саяси көшбасшылары киеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Фарзана Шаршембиева 24.kg-ге өз өнімдері және пальтосы танымал сәнгердің сырт киім топтамасына қалай түскенін айтып берді.

Дизайнер

— Америкалық сәнгермен қалай таныстыңыз? Сіздің жұмысыңыз оны несімен қызықтырды?

— Былтыр Санта-Фе (Нью-Мексико штаты) қаласында өткен фестивальде Donna Karan, DKNY және Urban Zen брендтерінің негізін қалаушысы біздің өнімдерді көріп ұнатып қалды. Жібек матамыздың сапасын жоғары бағалады. Мұндай мата мен дизайнды бұрын-соңды кездестірмегенін айтады. Ол тек мақтап қана қоймай, барлығын сатып алды. «Оның эскизі бойынша тіге аламын ба?» деп сұрады. Осылайша мен алғашқы тапсырысымды алдым. Ол біздің ұлттық бояуымыз білініп тұратын топтаманы жасауды шешті.

Донна Каран

Өте қымбат бағада сатылымға шыққан пальто туралы айтып беріңізші...

— Бұл пальто Донна Каранның алғашқы тапсырысы болды. Мен оны басынан аяғына дейін өз әдісім бойынша қолмен тігіп шықтым. Онда тігістері екі жағында ғана бар. Матасы – жібек пен тоқыма. Оны тігуге төрт күн кетті.

Пальто

— Донна Каран топтамаңыздағы бұйымдарды қалай таңдайды? Әлде сізге сызбасын бере ме?

— Иә, ол сызбасын беріп, түсі қандай болу керектігін айтады. Ал мата, технология мен өрнек біздің қалауымыз бойынша тігіледі. Донна тағы бір пальтоға тапсырыс берді.

Фарзана Шаршембиеваның әпке-сіңлілерімен қосылып 7sisters брендін құрды. Олар жұмысын 1998 жылы бастап, қазір өз ісінің білгірлеріне айналды. Әпкелі-сіңлілер түрлі бұйымдар жасайды, киім тігеді, жібек пен киізден интерьер бұйымдарын жасайды.

— Біз өнерлі отбасында дүниеге келдік. Әкеміз  Жылкычы Шаршембиев суретші. Анамыз Женисжан Ешеева училищеде тігін тігуді үйрететін. Олардың мемлекеттік тапсырыс жасаудан қолдары босамайтын. Тапсырысты өткізетін уақыт таяғанда отбасымызбен ұйықтамай, ата-анамызға көмектестік. Сондықтан ұжымда ауызбіршілікпен жұмыс жасау бала кезімізден қалыптасқан. Ол қасиет есейіп, бірігіп жұмыс атқарып жатқан шағымызды көп көмегін тигізіп жатыр.

Мен және Кадыркуль панно, ала-кийиз бен шәлі тіге бастадық. Мұнымен айналысу сіңлілерімізге де ұнады. Осылайша өз отбасылық кәсібімізді ашамыз деп шештік.

— Америкалықтар қырғыздардың ұлттық бояуын ұнатып қалған сияқты ғой...

— Өнімдеріміз америкалықтардың арасында сұранысқа ие болғандықтан бастапқыда-ақ америкалық нарықта жұмыс істейміз деп шештік. Белгілі дизайнерлердің арқасында біз туған жерімізден гөрі шетелде көбірек танылдық.

Әйел

Өнімдеріміздің жарнамасы әлемдік деңгейдегі фестивальдерге қатысуға мүмкіндік береді. 2011 жылдан бастап Санта-Фе қаласында өтетін дәстүрлі Әлемдік фестивальдің тұрақты қатысушысымыз. Биыл біздің стендіміз әлем бойынша ұсынылған 150 стендтің ішінде үздік бестікке кірді.

Сәнгерлер

Біз Англия, Германия, Италия, БАЭ, Үндістанда өткен жәрмеңкеге қатыстық. Италия, Франция мен Ресейдің сән үйлерінен ұсыныстар түсіп жатыр.  

Апалы-сіңлілер ЮНЕСКО-ның «Сапа белгісі» 29 халықаралық сертификатын алған. Құжат екі жылда бір мәрте конкурстық негізде беріледі. Сапа мен дизайнын халықаралық сарапшылар бағалайды.  

Мұндай сертификаты барлар ең беделді жәрмеңкелерге қатысып, өз өнімдеріңізді әлем бойынша сатуға жолдама алады. Сертификат серіктестер мен сатып алушылар үшін шеберлік пен сапаны білдіреді.

Сәнгер

— Біз 2012 жылы Нью-Мексикода (Охо Кальенте штаты) 100 адамға мастер-класс өткіздік. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер әлі күнге дейін бізге қырғыздың өрнектері бар бұйымдардың фотосын жібереді. Біз оған қатты қуанамыз.

Киім

— Сіз америкалық дизайнер Шарлотта Мосспен де жұмыс істедіңіз бе?

— Иә, былтыр Шарлотта Мосстың тапсырысын орындадық. Біздің барлық киіміміз оның топтамасына кірді. Оның былтырғы Нью-Йоркте өткен топтама таныстырылымында көрсетілген киімдердің барлығы біздің өнімнен тұрды. Америкалық Ibu Movement, Gypsy-global, HoonArts брендтерімен де жұмыс істейміз.

Апа

Шарлотта Мосс

Біздің киімді Сигурни Уивер, Беатрикс Ост секілді сән әлемінің патшайымдарының кигенін көріп қуандық. Канн фестивалінде Гран-при иегері Самал Еслямова біздің киімде келді.

Самал Еслямова

— Әлемге танымал адамдар сіздердің киімдеріңізді қайдан сатып алады?

— Көбі фестивальдерде. Әсіресе Санта-Фе-де. Кейбірі тапсырыс берушілеріміздің дүкенінен сатып алады. Киімдеріміз мұндай дүкендерде  7sisters брендімен сатылады.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір