• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:06:13
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Аңызға айналған "Қара майор" қайтыс болды

"Балам, елім барда ұлылық ескерусіз қалмайды", деп еді соңғы кездескенде.

"Қара майор" атымен танымал Борис Керімбаев 71 жасында бақилық болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Шоқан Сыздықұлы өзінің фейсбук парақшасына жазды. 

"Қош бол аға!

— "ГРУ - қаталдыққа үйрететін мектеп. Мен сол мектептің айла тәсілін нәзік жүрегіммен қабылдап, жүрек қалауымен нәзік жүрегіммен соғыстым", деген. "Қара майор" ағамның бүгін таң алдында нәзік жүрегі тоқтады. "Балам, елім барда ұлылық ескерусіз қалмайды", деп еді соңғы кездескенде. "Аспандай берме, жерден ұзап кетесің. Жерден ұзап кетсең, елден ұзап кетесің. Елден ұзап кетсең, Барсакелмеске кетесің", деп ұрысып-ұрысып алушы еді. Бүгін міне аңыз адам Борис Төкенұлы Керімбаев келместің кемесіне мініп Барсакелмеске аттанып кетті. Қош бол Аға!, - деп жазды Шоқан Сыздықұлы. 

Айта кетсек, кеше Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбев ауруханада жатқан Борис Керімбаевтың палатасына барып көңілін сұрап, оны  әскери барлаудың "Алтын үкі" белгісімен марапаттаған болатын. 

***

Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1970 жылы В.И.Ленин атындағы Ташкент әскери училищесін тәмамдаған. 1980-1983 жылдары Ауған соғысына қатысып арнайы тапсырмаларды орындайтын мұсылман батальонының командирі болды.

Сауатты басшылықтың арқасында батыр командирдің сарбаздары аз шығынға ұшырап, көбінесе жеңіске жетіп отырғанын жұртшылық жақсы біледі. Оның ерлігі аңызға айналып «Қара майор» деген лақап аты күллі аймаққа жайылды.

«Спецназ ГРУ СССР» деген кітаптағы тізім бойынша төртінші орынды нық иеленген қазақ жігітін сол кездегі кеңестік саясаттың өзі осылай жоғары көтеріп мойындаған. 1992 жылы денсаулығына байланысты полковник шенімен отставкаға шықты. Батыр туралы «Қара майор» фильмі түсірілді.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір