• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:26:49
+35°

19 Қазан, 2018 Айтты-ей, бауырың!

"200 теңге Розыбакиев көшесіне дейін", -деп Атакенттен таксиге отырдым. 
"Қызым, 200 теңгеге не алуға болады?", -деп жүргізуші күлді.

Бала күннен есімін естіп өскен Әбдірахман Асылбек ағамызбен осылай таныстым. Ол кезде 7-арнада тілшімін. 
Такси жүргізушінің өте атақты ақын екенін білгенде ұялып кеттім. Ол кісінің қарапайымдылығына риза болдым. Үйге жеткенше әңгіме айтты.

Ақын жатақханада тұрамын дегенде көзім шарадай болды. Қазақтың кең байтақ даласында барлық үйлену тойда шырқалатын "Жар-жар" әнінің авторының баспанасы жоқ, жолаушы тасымалдап жүргенін естігенде талантты жандарды неге құрметтемейміз деп қынжылдым. Бірақ ол кісінің қарапайымдылығы мені таң қалдырған еді.

2016 жылы 31-арнада "Неге?" бағдарламасына ақынның ""Жар-жар" туындысы жайында сюжет жасадық. Өзінің досының үйлену тойына арнап жазып, "жар-жар" әні қазақ даласына жылдам тарайды.

Бірақ авторға әні үшін ешкім бір тиын төлемеді. Ақын да ақы төле деп ешкімнен сұраған жоқ.

Егер тыңдаушылар әнге тиын-тебен төлегенде Әбдірахман Асылбек әлемге әйгілі миллионердің бірі болар еді. Бірақ қазақ жерінің қазба байлығын сатып малданған байлардай емес, бұл кісі өнерімен, еңбегімен мол байлыққа кенелер еді.
Бүгін ақын аға да өмірден өтті.

Жазира Бегалы

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір