• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:57:35
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 Спорт

Америкалық боксшы Макгрегордың досының бетіне түкіріп жіберді (Видео)

Қос былғары қолғап шеберінің жекпе-жегі Bare Knuckle FC 6 турнирінің басты кездесуі болмақ. Аталмыш турнир 22-маусым күні АҚШ-та өтеді.

Америкалық боксшы Поли Малиньяджи алда өтетін жекпе-жек қарсаңындағы баспасөз конференциясы кезінде қарсыласы, ресейлік MMA шебері Артем Лобовтың бетіне түкіріп жіберген.

Макгрегордың досының бетіне түкірген америкалық боксшының әдепке томпақ келетін қылығының видеосын Qamshy.kz ақпарат агенттігі ютубтағы TheMacLife арнасына сілтеме беріп жариялады.

Былғары қолғап шеберлері конференция барысында бір-біріне ірі-ірі сөйледі. Дау-дамайдың соңы 38 жастағы Малиньяджидің Лобовтың бетіне түкіруімен аяқталды. Конференцияға дейін америкалық боксшы ресйелік жекпе-жек шебері тілін тартпаса, оны ұруға уәде берген.

Қос былғары қолғап шеберінің жекпе-жегі Bare Knuckle FC 6 турнирінің басты кездесуі болмақ. Аталмыш турнир 22-маусым күні АҚШ-та өтеді.

Лобов – ирландиялық жекпе-жек шеберінің досы. Ал Лобов пен Малиньяджи арасындағы түйткіл 2017 жылдан бері жалғасып келеді. Араздықтың басты себебі – олардың дайындық кезіндегі жұдырық түйістіруі. Шаршы алаңда Конор Макгрегор америкалық боксшыны нокдаунмен жеңеді. Бірақ Малиньяджи өзін ирландиялықтың итеріп жібергенін айтып араздық тудырған еді.

Аударған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір