• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:10:07
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019 Әлем

Америка болмаса, әлем қандай болар еді?!

Көптеген совет адамдары, сонымен қатар жаңадан қалыптасып жатқан діншіл жастар әлемдегі барлық проблема — Американың кесірінен болады деп есептейді.

Осыдан тура 525 жыл бұрын, яғни 1492 жылы әйгілі теңіз саяхатшысы Христофер Колумб Сан-Сальвадор аралдарын ашқан болатын. Бұл "Жаңа әлемнің" ресми ашылуы болып саналады. Айтпақшы, бір қызық айтайын. Америка атауы басқа теңіз саяхатшысы - Америго Веспуччидің құрметіне қойылған. Христофер Колумб Америка материгіне бірінші барғанымен ол Индияны аштым деп ойлады. Ал Америго Веспуччи - жаңа материк ашқанын дәлелді. Колумб өзінің жаңа материк ашқанын білгенінде қазір Америка - Америка емес "Христофер құрама штаттары" болар еді.

Жә, тақырыптан ауытқып кеттік. Сонымен, көптеген совет адамдары, сонымен қатар жаңадан қалыптасып жатқан діншіл жастар әлемдегі барлық проблема — Американың кесірінен болады деп есептейді. Тәтті қиялдарында Американың жойылып кеткенін армандайтындары да жасырын емес. Ендеше, қиялға ерік беріп, "Америкасыз әлемді" елестетіп көрейік.

XX - ғасыр Америкасыз?

Құрама штаттары 20-ғасырдан бері әлемдік полицей ролін атқарып келеді. Алдыңғы ғасырда Америка әбден қалжыраған Еуропада тәртіп орнатты. Американың қатысуынсыз Бірінші дүние жүзілік соғыста Германияны тыныштандыру қиын еді. Екінші дүние жүзілік соғыста жеңісті елестету тіпті мүмкін емес. Америка бүкіл фронтта соғысты. Мұхитта - ешкімге дес бермейтін жапондармен, құрлықта - ең суық қаруланған немістермен, Африкада - неміс жақтастарымен. Сонымен қатар, Ұлыбритания мен СССР-ге миллиондаған тонна азық-түлікпен, қайтарымсыз мөлшерде қару-жарақпен, танкі, ұшақ, оқ-дәрімен қамтамасыз еткенін ұмытқан жоқпыз.

АҚШ және коммунизм

Америка жоқ болса, достар мен елестете алмаймын қазір қазақ қандай боларын... АҚШ болмаса, халықтар түрмесі болған коммунисттік СССР құлар ма еді?! Құламақ былай тұрсын, СССР коммунисттері Қазақиямен және басқа да түркі халықтарымен тағы қандай сорақылық істер еді...Тіпті елестету қиын... Қытай мен СССР. Екі коммунисттік державалар ортасында баяғыда жұтылып кетер едік пе, қайтер едік...

Америкасыз қазіргі заман

Мақұл. Америкасыз-ақ тәуелсіздік алдық делік. Бірақ әлем қалай болар еді? Тәуелсіздік деген жәй ғана қағаз жүзінде болар еді. Себебі, Ресей өз ырқынан жібермейді. Жә, оны қойшы, глобалды ойланайық. Әлем не болар еді?! Ресей және оның достары Солтүстік Корея, Венесуэла, Қытай сияқты қып-қызыл коммунисттер әлемге ойларына не келсе, соны істеп жатар еді. Әлемді өздерінің "сфера интересов" деп бөліседі де - халықты қанайды. Қайда барып қашасың? Қайда барып тығыласың?! Айналаңның бәрі коммунисттер! Сондықтан, "героический" ажал құшатын едік соғысып. Сонымен дәуірің бітеді.

Америка және ислам елдері

Мен жалпы, түсінбеймін. Совет адамдары мақұл, олардың қандарына солай сіңіп қалған. Бірақ мұсылмандарға не жорық?! Америкасыз Ислам елдері не болатынын білесіздер ме?! Америкасыз Таяу шығыс не болар еді?! 

Таяу Шығыс - қайшылақтар ең көп орналасқан аймақ. Сунниттер, шииттер, иудейлер (еврейлер), Копттар, т.б. неше түрлі діндер мен конфессиялар жетерлік. Осылардың арасында ең мықтысы кім? Әрине бірінші кезекте қуаты жағынан шииттік Иранды атаймыз. Екінші орында – Израильдің қуаты. Өзәра қырқыстан қолдары босамайтын сунниттік араб елдері шииттік Иран мен Израиль одағына төтеп бере алады деп ойлайсыз ба? Жоқ, әрине. Осы Иранға санкция салып, ядролық қарудан бас тартуға мәжбүрлеп келе жатқан Америка емес пе? Сіз "Ислам Халифаты еврейлердің, американың, масондардың құрастырғаны" деп қалағаныңызша шыңғырсаңыз болады. Бірақ көрмес, түйені де көрмес дейді ғой. ИГИЛ құрамындағы халықтар кім?! Оларды қаржыландырушы кім?! Неге Сауд Арабиясы екеуінің идеологиясы бірдей? Неге АҚШ ИГИЛ-мен күреске ең көп қаржы мен әскери контингент жұмсайды деп ойланып көріңіз - жауап өзі-ақ шығады.

"Америка мәдениеті әлемді аздырады"

Әрбір америкалық "Мадонннаға" - еуропалық "Секс пистолз", ресейлік "Тату", арабиялық "Хайфа Вехбе", Қазақстандық "Баян Есентаевалар" табылады. Әрбір американдық Моника Левинский оқиғасына итальяндық "Берлускони", қазақстандық "Қодар-Қамқасы" бар.

"Америкалық мәдениет" деген жоқ, "америкалық құқық" деген бар. Бұл құқыққа АҚШ-та туған әрбір азамат ие.

- Индивидуализм құқығы (әркім өз шешімі мен тағдыры үшін өзі ғана жауапты)
- Жеке кеңістік құқығы
- Әлеуметтік теңдік құқығы (барлық американдық тең құқылы болып туады)
- Жетістік құқығы

Олар бақытты өмір үшін барлық амалдарды жасай берсін, эсперименттесін. Бізге сырттан бақылап, тек керегін алып, керек емесін тастау ғана қалады. Рахат емес пе?!)

"Америка - азғындар елі"

АҚШ-та Қазақстан мен Ресейге қарағанда балалар видеопродукциялары әлдеқайда қатаң бақыланады. Ал сигарет пен алкогольді
21-ге толмайынша ешжерден ала алмайсыз. Бізде ғой, мұның бәрі тек қағаз жүзінде (мен мысалы 15 жасымнан бастап сигарет шеккенмін). Айта берсек көп.

Ешқандай империя мәңгілік тұрмайды. Ғұндар, Сақтар, Грек, Рим империясы, мысырлық перғауындар, Шыңғыс хан, Бату хан, Алтын орда, Ислам Халифтігі Темірлан, Испан үстемдігі, Португал жаулаушылары, Ағылшын үстемдігі, Напалеон ыыы кете береді. Осылардың бәрі қайда қазір?! Әр заманда осындай бір қуатты мемлекет пайда болады. Дамудың шарықтау шегіне жеткенде өздігінен ыдырайды. Бұл табиғи құбылыс. Бұл заманғы көшбасшылық АҚШ-қа, яғни бұрынғы иммигранттарға бұйырған екен. Болып көрсін байғұстар.

Ал біз өз кезегімізде олардың жетістіктерін қайталап, қателіктерінен сақтанып, ҚАЗАҚ елін әлем елдері санасатын мемлекетке айналдыру. Америка - дайын проект. Біз сол проектіден өзімізге қажеттісін алып, қажет емесінен сыпайы бас тартып, қуатымызды күшейткеніміз дұрыс. Олармен достықты ұтымды пайдалану керек.

Айтпақшы, осы постты мен сол америкалықтар құрастырған компъютер арқылы, америкалықтар құрастырған интернеттің арқасында жазып отырмын. Америкалық ғалымдар ойлап тапқан емдеу тәсілі болмаса, мен 2011-жылы бұл әлеммен қоштасар едім. Айтпағым да осы - Америкадан осы ғылым мен білімді үйреніп, технологиясын өзімізге әкеп алуымыз керек. Ал, басқасын басқалар алсын, бізге керек емес...

Қорыта келгенде - АҚШ бар заманнан гөрі, АҚШ-сыз заман қорқынышты. Әлбетте бұл тек менің жеке субьективті пікірім. Әркім өзі шешеді, Американы жақсы көруді немесе жек көруді. Әркім өзі таңдайды - Лэди Гага ма Илон Маск па (Лажы болса Илон Маскты таңдайық!)

P.S. Осы жерде "Американщина" "американқұл" деп былжыраудың түк қажеті жоқ ок? Қазақтың бір батыры айтпақшы,"қазақ мүддесі үшін шайтанмен де келісуге бармын". Саған ешкім американша шешін немесе Американың табанын сүй деп жатқан жоқ. Беттеріне күліп, олардың ғылым мен технологиясын ал. Қалғанын лақтыр! Қанша дегенмен Америка саған коммунисттер емес қой, таңдау береді, мәжбүрлемейді.

Қайрат Нұрқасымұлының Online Qazaqstan Facebook парақшасынан алынған

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір