• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:58:45
Алматы
+35°

08 Қазан, 2018 Аймақтар

Алтынемелдегі тылсым күш...

Ауылымның орналасқан жері - Жетісу.

Ауылым... Осы сөзді естігенде жүрегімді бір керемет сезім билейді. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «Ауылым алтын бесігім» демекші, әр адам үшін кіндік қаны тамған жер өте ыстық.

 Мен Алтынемел ауылында дүние келдім. Ауылымның табиғаты, тасы, суы, тауы, гүлі тіпті ауасының өзі керемет.

Ауылымның орналасқан жері - Жетісу. Бұл ауылдың ауасы таза,  суы мөлдір, таулары биік.

Мұнда Алтынемел ұлттық саябағы бар. Ол Алматы облысы Панфилов ауданында орналасқан. Саябақ 1996 жылы ашылды.

  Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар мен тарихи ескерткіштер орналасқан. Шатқалдарда ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттері мен жазуларын көруге болады.

Қапшағайдың оң жағалауында көптеген қорғандар бар. Мәселен, сақ хандарының қабірі, IV-VII ғасырларға жататын тау сайларында әр түрлі жануарлардың суреті салынған жартастар бар.

Қысы суық, жазы ыстық. Қар аз түскендіктен, ол жабайы жануарлардың өмір сүруіне қолайлы.

  Бұл жердің топырағы құнарлы, хлораға бай, өсімдіктердің сан алуан түрлері өседі. Қазіргі таңда өсімдіктердің 1500 түрі бар, олардың кейбірі қызыл кітапқа енген. Саябақта 1976-1977 жылдардан бері бөкендер, 400-ден астам құлан мекендейді.

 Алтынемел саябағында археологиялық ескерткіштер, сақ жазбаларына, ежелгі таңбалар мен суреттер салынған, үңгірлер мен тастарға бай.

Саябақтағы «Әнші Құм» Іле өзеннің аңғарын бойлай орналасқан. Бұл Құмның ұзындығы 8 шақырым. Желмен қоса әуен шығады, кей адамдар құмнан шыққан әуен сырнайдың үніне ұқсайды дейді.

  Бұл табиғат құбылысы түнде шығыстан соққан салқын желден байқалады. Туристердің көбі осы құмның басына шығуға тырысқан, бірақ шыға алмаған. Себебі құмға батып кету қаупі бар.

  Міне, ауылымның осындай орасан зор тарихы мен көз тартарлық жерлері бар. Көрікті, тылсым сырға толы жерде дүниеге келгенімді мақтан тұтамын және мақтанамын.

Алтынгүл Өмірзақова

11-сынып оқушысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір