• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:35:18
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2018 Фото-баян

"Алтай қазынасы". Паромға неше көлік сыяды?

Ішкі туризмді дамытуды мақсат тұтқан «Nomad Explorer» тобы дәстүр бойынша жылына бір рет өтетін экспедициясын осы жолы Алтайда ұйымдастырды.

Ішкі туризмді дамытуды мақсат тұтқан «Nomad Explorer» тобы дәстүр бойынша жылына бір рет өтетін экспедициясын осы жолы Алтайда ұйымдастырды. Экспедиция құрамында болған Massaget.kz порталының фото тілшісі Ернар Алмабек суреттер мен суреттерге берген қысқаша түсініктемелері арқылы сапардың қызығы мен шыжығын жеткізуге тырысты. «Алтай қазынасы» атты экспедициядан әріптесіміздің әсерлі фоторепортажын жариялап, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Алтай қазынасы

Экспедицияның алғашқы күні әдетте өте әсерлі. Көрген әрбір жотаң, талың, тасың ерекше әдемі көрінеді. Жол бойында кезіккен қызықтарды тамашалай отырып, көліктегі сапарластарыңмен танысып, сағаттың қалай зырғып өткенін байқамай қаласың. Бұл жолы да солай болды. 230-дан астам адамы бар 60-тан астам жол талғамайтын көлік Өскеменнен 175 шақырым жерде орналасқан су өткеліне келгенде Күн тас төбеге көтеріліп үлгерген еді. 

Алтай қазынасы

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданы мен Күршім аудандарын байланыстыратын Бұқтырма су қоймасындағы бұл өткел "Қызыл ту" деп аталады. Экспедиция бара жатқан Зайсан көлінің солтүстік жағалауындағы Шекелмес мүйісіне жетудің ең қысқа жолы арғы жағада жатыр. Сол себепті, осы тұстан суды кесіп өту керек.

Алтай қазынасы

Қос беттің арақашықтығы шамамен 4 шақырымды құрайды. Ортаны байланыстырып жүрген екі паром бар. Олардың жағадан жағаға жетуі 40 минуттай уақытты алады. Мініп-түсуіңді қосқанда — бір сағат.

Алтай қазынасы

Паром жағаға келгенде алдымен арғы бетте тиелген көліктер мен жолаушылар шығарылады.

Алтай қазынасы

Олар кемені толығымен босатқаннан кейін ғана шлагбаум ашылып, жаңа жолаушылар отырғызыла бастайды.

Алтай қазынасы

Айта кетерлігі, арғы жағаға өту ақылы түрде жүзеге асады. Билет құны сіз мінген көлік қозғалтқышының көлеміне байланысты есептеледі. Неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп.

Алтай қазынасы

Паромның өзі бірнеше қабаттан тұрады. Бірінші қабат — көлік қоятын тұрақ. Сол себепті, мұнда жүргізушілерден басқа адамдардың жүріп-тұруы құпталмайды.

Алтай қазынасы

Тар дәліздері бар екінші қабат паром қызметкерлеріне арналған. Жолаушылардың мұнда жүруіне тыйым салынбайды. Дегенмен, олар екінші қабатта көп тұрақтаймайды.

Алтай қазынасы

Өйткені, "қызықтың" бәрі үшінші қабатта. 

Алтай қазынасы

Бұл жер отырып демалуға, әңгіме айтуға ыңғайлы әрі кең.

Алтай қазынасы

Тіпті, жеңіл-желпі азық сататын дәмхана, дүкен де бар. Паром екінші жағаға жеткенше шай ішіп алуыңызға болады.

Алт

Қауіпсіздік жабдықтары сақталатын бөлме көзге көрінетін оңтайлы жерде орналасқан. Анау-мынау жағдай болып жатса, көпшілік құтқару заттарын осы жерден таба алады.

Алтай қазынасы

Ал, жеке қалып айналаны шолып, су мен шағала дыбысына мастанып, ойға шомғысы келетіндер төртінші қабатқа көтерілгені жөн. Бірақ онда шығуға болатын адам саны шектеулі. Кім бірінші үлгерсе, орын сонікі.

Алтай қазынасы

Паромға 30-35 көлік сияды. Сол себепті, "Nomad Explorer" мүшелеріне екіге бөлінуге тура келді. Артта қалғандарда асығыстық та, реніш те жоқ. Өйткені, бірінші кеткендер арғы бетке соңғы көлік өткенге дейін күтеді.

Алт

Экспедиция "Бәріміз — біріміз үшін, біріміз — бәріміз үшін!" деген қағиданы берік ұстанады. Көп кешікпей қарсы беттен келе жатқан паром да көрінді.

Алтай қазынасы

Бұл кеме су қоймасының дәл ортасына жетті дегенді білдіреді. Себебі, паромдар екі жағадан бір уақытта шығады және бірдей жылдамдықпен жүзеді. Математика пәнінде бұл жағдай мынадай есеп ретінде берілер еді: "А пункті мен Б пунктінің арасы 4 шақырым. Сағатына 6 шақырым жылдамдықпен жүзетін бірінші паром А пунктінен Б пунктіне шыққан уақытта қарсы беттен дәл сондай жылдамдығы бар екінші паром шықты. Екі паром неше шақырымнан кейін кезігеді?".

Алтай қазынасы

Паромдар қатарласа өткеннен кейін екінші жаға да анық көріне бастады. Жотада: "Қазақстан – 27 жыл. Күршім ауданына – 90 жыл. Барақ батырға – 317 жыл" деген жазу байқалады.

Алтай қазынасы

 Тас жолға елден бұрын шыққан көліктер арттағы жұрт жеткенше Күршім ауылына барып, жанармай құйып алуды ұйғарды.

Алта

"Керек тастың ауырлығы жоқ" — алыс жолға шығарда бактың толып тұруы аса маңызды. Алда әлі бір апталық жол бар. Сол себепті, экспедиция бағыты ара-тұра осылай жанармай бекеттеріне соғып тұратындай етіп жасалған. Екінші пароммен келген көліктер Күршімге жеткеннен кейін бірнеше шақырым жүріп "Nomad Explorer" мүшелері Бұқтырманың жағасында түскі астарын ішті де, қайта жолға шықты.

Алтай қазынасы

Енді кеш батпай Шекелмес мүйісіне жетіп үлгеру керек. Жол талғамайтын 60 көлік қара жолға түскенде айнала қандай күйге енетінін білесіз бе? Жерден көтерілген шаң қарашада түскен қалың тұмандай ештеңені көрсетпейді. Алдыңдағы көлік қаншалықты алыста, артыңдағы көлік ілесіп келе ме — белгісіз.Сен біреуді, біреу сені соғып кетуі де мүмкін. Шаңның басылғанын күтіп, асықпай жүруге болмай ма дерсіз.

Алтай қазынасы

Экспедиция мүшелері арасында да солай есептегендер болған екен. Телефон желісі жоқ ойлы-қырлы далада бұл ойдың қауіптілігін олар ескермесе керек.

Көп көлік Зайсан көлінің жағасына келгенде, күн де ұясына кірген еді.

Осы кезде 5-6 машина артта қалғаны белгілі болды. Адасқандарды іздеуге бірнеше адам аттанды. Басқа жұрт олардың тілеуін тілеп, су жағасындағы қоныста қалды. Шатырлар тігіліп, от жағылып, экспедицияның кешкі қарбаласы басталып та кетті.

Күн батқалы біраз уақыт өтсе де, адасқандардан да, олар

Алтай қазынасыды іздеуге кеткен жандардан да хабар жоқ. Аса белсенділер айналаны жаяу аралап, биіктеу дөңдерге шығып, алыстан жанған оттарды көзбен іздеп әлектенсе де, еш нәтиже болмады.

 Ештеңе көрінбеді, естілмеді.  Араға уақыт салып, шатырлар толығымен құрылып, кешкі ас ішіліп, "келіп қалар" деген сенімі барлар еш уайымсыз ұйқыға жатқан уақытта алыстан бірнеше көліктің жарығы көрінді...

 Осылайша "Nomad Explorer" ұйымдастырған "Алтай қазынасы" экспедициясының алғашқы күні өз мәресіне жетті.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір