• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:55:24
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Алматының екі ауданында мамандандырылған ХҚКО ашылды

Жаңадан ашылған екі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы Наурызбай және Жетісу аудандарында орналасқан

«Халыққа арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңадан ашылған екі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы Наурызбай және Жетісу аудандарында орналасқан.

Наурызбай ауданындағы ХҚКО Шұғыла көшесі, 222/2 мекен-жайында орналасқан. Ал Жетісу ауданы аумағындағы ХҚКО «Құлагер» шағынау­данындағы Серіков көшесі, 6А мекен-жайында ашылды.

Ал бұған дейінгі ашылған Халыққа қызмет көрсету орта­лығы «Саялы» шағынау­данын­дағы Аққайнар, 1 көше­сіндегі ме­кен-жайда болса, екіншісі Май­лин көшесі, 85 үйде орналасқан.

Сонымен қатар, А.Оспанов өз сөзінде көлікті тіркеуге байла­нысты қызмет пен жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтері енді қазақстандықтарға онлайн ре­жимде де қолжетімді екенін айтып өтті.

Бүгінгі күні электрондық портал арқылы көлікті тіркеу бойынша 3 мыңнан аса қызмет көрсетілсе, Алматы бойынша 550,  ал жүргізуші куәлігін ауыс­тыруға байланысты 13 мыңнан аса қызмет көрсетілген. Оның ішінде 1765 қызмет Алматыға тиесілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір