• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:18:01
Алматы
+35°

22 Наурыз, 2018 Фото-баян

Алматылықтар Наурыз мейрамын қалай атап өтіп жатыр? (фото)

24 наурызда Жібек Жолы көшесі бойындағы сахнада «Наурыз-Думан» өтеді.

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні!  Күн мен түннің теңеліп, Самарқанның көк тасы еріп, жер жаһанға жылулық тарап, көктем келгенін хабарлап тұратын мейрамды Алматы қаласының тұрғындары жоғары деңгейде атап өтіп жатыр.

Астана алаңына 6 киіз үй тігіліп, 14 инсталляция орнатылды. Балалар және спорт орындары, Орта Азияның қолданбалы өнер шеберлерінің шеберлік сыныптары үшін 17 аймақ, сауда шатырлары, фудкорттар, 1200 орынды көрермендер трибунасы ұйымдастырылды.

Үлкен мерекелік концертте «Музарт», «Досмұқасан» тобы , Роза Рымбаева және өзге де 500-ден астам өнер адамдары  өнер көрсетті.

Алаңда ұлттық қолөнерді дәріптейтін көрмелер ұйымдастырылған. Текемет, сырмақ, киізден жасалған төсеніштер оюмен көмкеріліп, дәстүрімізді жаңғыртып тұр. 

наурыз

Сонымен қатар он саусағынан  өнер тамған шеберлер ұлттық бұйымдарды көпшілік алдында  жасап, білезік, сырға, сақина жасаудың сырларымен бөлісуде.

наурыз

Көрмеге қолдан ойып жасалған түрлі мүсіншелер қойылған.  Шаңырақ, домбыра, қобыз секілді ұлттық құндылығымызды дәріптейтін мүсіншілерге халықтың қызығушылығы да жоғары. 

наурыз

Ал Наурыз мейрамының биылғы логотипіне келер болсақ, «Наурыз 2018» сөзі қабылданған латын қарпімен жазылған.

наурыз

Мереке Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде де өтіп жатыр. Бұл маңда құрақ көрпе тігіліп, киіз басудың жолдары да үйретіліп жатыр. Қолдан жасалған тымақ, сәукеле секілді баскиімдер мен шапан, оялы көйлектер сатылымға шыққан. 

наурыз

наурыз

Сонымен қатар кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, жастар арасында спорттық байқаулар өтуде. 

наурыз

Ал алаң маңындағы жәрмеңкеден ұлттық нақыштағы орамалдар мен сөмкелер, әшекей бұйым мен тұрмыстық қолданыстағы заттарды таба аласыз. 

 наурыз

наурыз

наурыз

Классика сүйер қауымға да жағдай жасалған. Жанды дауыста музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен шағын концерттер ұйымдастырылған.

наурыз

Еске сала кетсек, Алматы қаласы әкімдігі биыл Наурыз мейрамы бір ай бойы тойланатынын хабарлады. 

24 наурызда Жібек Жолы көшесі бойындағы сахнада «Наурыз-Думан» өтеді, мұнда сағат 11:00 ден 17:00-ге дейін ҚР Суретшілер Одағы шеберлері мен жас суретшілердің біріккен пленэрі ұйымдастырылады, сағат 19:00-21:00 аралығында – «Open air cinema» өтеді, яғни Ш. Аймановтың ретроспективті кинолары мен Қазақстанның материалды емес мәдени мұрасы болып табылатын «Қыз Жибек», «Ортеке», «Киіз басу», «Қорқыт Ата мұрасы: Эпикалық мәдениет және музыка», «Қазақтың зергерлік бұйымдары», «Кесте», «Асық ату» және басқа фильмдер көрсетіледі.

25 наурызда сағат 11:00-13:00 аралығында алаңда буккроссинг — мәдени мұра мен кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сағат 14:00-17:00 аралығында- «Кітап Fest», сағат 19:00-21:00 аралығында – «Open air cinema» өтеді, бұларда «Керамика өнері» (Өзбекстан), «Жібек тоқу» (Өзбекстан), «Аспалы арқанмен жүру» (Өзбекстан), «Көк бөрі» (Қрығызстан), «Салт- дәстүр әндері» (Қырғызстан), «Монғолдың дәстүрлі үстел ойындары» (Монғолия), «Моринхур — монғолдың қыл пернелі аспабы» (Монғолия), «Салт- дәстүр әндері» (Тәжікстан) және басқалары ұйымдастырылады.

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір