• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:39:47
Алматы
+35°

22 Қазан, 2018 NEWS

Алматылық журналистің өліміне не себеп? Полиция мәлімдеме жасады

Марқұм журналистің өліміне қатысты нақты себептерді Алматы қаласы Ішкі істер департаменті хабарлады.

Отбасылық жанжалдың нәтижесі өлімге әкеп соқты. Екі күннен бері әлеуметтік желіде іздеу салынған алматылық журналист Әйгерім Мұсаеваның өлі денесі табылды.

Алматы қаласы Ішкі істер департаменті журналистің өліміне не себеп болғанын айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ведомстводағы деректерге сәйкес, бойжеткеннің денесі 19 қазаннан 20-сына қараған түні Түрксіб ауданында табылған. Алдын ала деректерге сәйкес, қыз пойыздың астына түсіп өлген.

Мұсаеваның денесін бірден тану мүмкін болмады. Себебі бір де бір құжаты жанында емес еді. Денесі мәйітханаға жіберіліп, оны тануға ағасы барады.

Бұдан бұрын кезекші бөлімге ер адам келіп, әйелінің жоғалып кеткенін айтып арыз берген.

Кейін анықталғандай, бойжеткен отбасылық жанжалдан кейін үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмады.

Полиция қызметкерлері жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

♦Алматыда қазақстандық журналистің мәйіті табылды

Айта кетейік, 20 қазан HIT TV арнасының продюсері Әйгерім Мұсаеваның жоғалып кеткені жайлы ақпарат тарап еді. Ал күні кеше қыздың өлі денесі табылды.

Жасы нәбері 27-де болған журналистің артында күйеуі мен екі кішкентай баласы қалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір