• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:45:08
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2019

Алматылық 10 жастағы актриса "Nickelodeon" телеарнасының жұлдызы атанды (видео)

Софи соңғы екі жылдың ішінде Калифорнияда бірнеше ролик пен фильмге түсіп, атақты "Barbie" компаниясымен келісімшартқа отырған.

Алматылық  10 жастағы актриса Софи Манасян "Nickelodeon" арнасының "Lip Sync Battle Shorties" атты шоуына қатысты,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ақпаратты анасы Ольга Манасян Instagram парақшасында жариялады. Софидің қатысуымен өткен рейтингі жоғары шоу 12 қаңтарда Астана уақытымен таңғы сағат 9:00-де көрсетілмек.

Айта кетейік, бағдарламаның түсірілімі өткен жылдың тамызында басталған. Атақты "Warner Brother" студиясында түсірілген шоуға қатысу бастапқыда тек арман болғанын айтқан анасы Софидің таланты мен ағылшын тілінде мінсіз сөйлегені түсірілім алаңындағы қатысушыларды еріксіз таңғалдырғанын айтады.

"Бұл өте үлкен тәжірбие. Софи — шоуға арнайы алыс аймақтан келген жалғыз және ең басты қатысушы. Екі жыл бұрын ағылшын тілінде сөйлей алмаған Софи шетелдік арнаға өз елі туралы тебірене сұхбат бергенде ешкім өз таңданысын жасыра алмады. Түсірілім алаңында режиссердің айтқандарын бұлжытпай орындап, өз талантымен көпшіліктің көңілінен шықты. Бұрын мүмкін еместей көрінген оның арманы орындалды. Міне, Софи "Nickelodeon" арнасында!", — дейді Софи Манасянның анасы Ольга Манасян.

Софи соңғы екі жылдың ішінде Калифорнияда бірнеше ролик пен фильмге түсіп, атақты "Barbie" компаниясымен келісімшартқа отырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір