• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:38:11
Алматы
+35°

14 Қазан, 2018 NEWS

Алматыдағы марафонда 18 жастағы студент қайтыс болды

Алматыда жартылай марафон кезінде Санкт-Петербор гуманитарлық кәсіподақ университеті Алматы филиалының студенті астаналық Максим...

Алматыда жартылай марафон кезінде Санкт-Петербор гуманитарлық кәсіподақ университеті Алматы филиалының студенті астаналық Максим Королев көз жұмды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Жанкүйерлері ретінде қасында келе жатқан курстастары 18 жастағы студенттің "күрес пен жауынгерлік самбодан" ҚР спорт шебері кандидаты, кросстан қалалық спартакиада жүлдегері (1 орын) болғанын айтты. 

Куәгерлердің сөзіне сенсек, Абай көшесімен жүгіріп келе жатқан студент мәреге бір кварталдай қашықтық қалған кезде өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына үш минуттан кейін жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оның көз жұмған уақытын белгіледі. 

Дәрігерлердің айтуынша, өлім себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Ұйымдастырушылар марқұмның туысқандарына хабарласып, көңіл айтты. Ата-анасына Алматыға жетуіне көмек көрсетті. 

"Смелость быть первым" корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева әдетте марафон басталмай тұрып, қатысушылардың маршруты ІІД, жедел жәрдем станциясы қызметтерімен бірге анықталып, тиісті жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер тұратынын атап өтті. 

"Алайда осы трагедиядан кейін біз спортшыларды жарысқа жіберу талаптарын қайта қарастырамыз", — деді Қазыбаева. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір