• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:27:59
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Алматыда зорлық-зомбылық көрген адамдар үшін фронт-офистер ашылды

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге құқықтық шаралар ұйымдастырды

Азаматтың заңды қызығушылықтары мен еркіндігін, конституциялық құқығын қорғау мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген адамдар үшін фронт-офистер ашылды.

«Әйелдер отбасында физикалық, психологиялық, сексуалдық және экономикалық тұрғыда зорлық-зомбылыққа ұшырайтын жағдай жиі кездеседі. Соған байланысты, полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу шараларын жүзеге асырып, отбасындағы зорлық туралы немесе оның болатыны жайында бопсалауға қатысты хабарлама мен арыздарды қарайды. Азаматтың құқығы тапталған оқиға орнына барып, кінәліні әкімшілік қамауға алып жатыр», - деді полиция майоры Ақбота Әбілқасымова.

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге құқықтық шаралар ұйымдастырды. Профиль инспекторлары фронт-офистарда таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін кезекшілік етеді. Полиция зорлық-зомбылықтың куәсі болған немесе өзі сол жағдайға түскен азаматтардың жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуын сұрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір