• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:11:02
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Алматыда Жанайдар Сәдуақасовтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Қайраткердің аты-жөні мен суреті бейнеленген тақтайша қаладағы Назарбаев даңғылы және Бөгенбай батыр көшесінің қиылысындағы өзі тұрған үйдің қабырғасына ілінді

Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жанайдар Сәдуақасовтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.

Қайраткердің аты-жөні мен суреті бейнеленген тақтайша қаладағы Назарбаев даңғылы және Бөгенбай батыр көшесінің қиылысындағы өзі тұрған үйдің қабырғасына ілінді.

Жанайдар Сәдуақасов бірқатар жауапты мемлекеттік қызметтер атқарған. Жазықсыз атылып кеткен арыстар ішінде Жанайдар Сәдуақасовтың орны бөлек дейді тарихшылар. Жастайынан білімге құштар болған ұлт жанашыры небәрі жиырма жасында жасырын ұйым құрып, Колчактың бұғауындағы тұтқындарды ауыр азаптан құтқаруға үлес қосқан.

«Жанайдардың және бір ерекше айтатын еңбегі – қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру жолындағы қайраткерлігі. 1920 жылы Жанайдар КазЦИК-тің Орталық комитетінің декретін қабылдатып, сол бойынша іс-қағаздары қазақша өтетін болды. Және ол істі Жанайдар шаруа тілмаштарға, аудармашыларға тапсыра салмай, өзі жүргізіп отырған. Ол шаруаға бүкіл қоғам, бүкіл зиялы қауым қолұшын беру, сол үшін еңбек етуі керек болды. Міне, сол арқылы мәселенің өзектілігін жеткізген болатын», – дейді тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір