• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:47:47
Алматы
+35°

01 Қараша, 2018 Аймақтар

Алматыда үздік нәтиже көрсеткен офицерлер марапатталды

Шақырушылардың алдыңғы қатары мемлекеттік қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, бизнесмендер, ауылшаруашылық жер иелері, мұнай, газ саласы мамандары.

Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының саптық алаңында 274 әскери міндеттілерді (запастағы офицерлер) салтанатты түрде шығарып салу және жиынды аяқтағаны бойынша сертификаттар тапсырылды. Салтанатты кеште институт бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы оқу үдерісі кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен запастағы офицерлерді грамоталармен марапаттап, алғысын білдірді.

Әскери міндеттілерді құттықтап, сертификаттар тапсыруға Әуе Қорғанысы Күштерінің Бас Қолбасшысының орынбасары полковник Жұмагазиев Мұратжан Темірұлы, генерал-майор Орынбеков Мүбәрак Орынбекұлы, генерал-майор Старыш Анатолий Трифонович қатысты.

Алматы

2018 жылдың 12 қыркүйегі мен 12 қазан аралығында елімізде тұңғыш рет Қорғаныс минстрлігінің бекітілген кешенді жоспары бойынша Әуе Қорғанысы Күштері, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында 300-дей әскери міндеттілермен (запастағы офицерлер) бір айлық жиын өтті.

Бір ай бойы жиынға қатысушы әскери міндеттілер радиотехникалық әскерлер, байланыс және радионавигация, әуе шабуылына қарсы құрлық әскерлері және зенитті зымыранды әскерлер мамандықтары бойынша білімдерін шыңдады. Жиынға Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институт бастығының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары-басқарма бастығы полковник Олжабаев Мұрат Қуатбекұлы жетекшілік етті.

Жиынның негізгі мақсаты: әскери міндеттілердің бейбіттен соғыс уақытына көшіру кезінде барлық запастағы офицерлердің функционалдық міндеттерін білу деңгейлерін жетілдіру және жауынгерлік әзірлігі мен командирлердің қойылған тапсырмаларын орындау қабілеттілігін тексеру, сондақ-ақ шешім қабылдауда үйлесімділікті арттыру болып табылады.

Алматы

Оқу үдерісі кезеңінің алғашқы аптасында жалпы әскери дайындық бойынша әскери институттың білікті қызмет бастықтары дәрістермен түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, қалған үш апта бойы мамандықтары бойынша білімдерін шыңдады. Әскери міндеттілерге институтымыздың үздік оқытушы-профессорлар құрамы дәріс жүргізді.

Жалпы бір айлық жиынға еліміздің барлық облыстарынан шақырылған жас шамасы 22-40 аралығындағы әскери міндетті запастағы офицерлер қатысты. Көбі еліміздің көркеюіне қызмет атқарып жүрген маман иелері. Шақырушылардың алдыңғы қатары мемлекеттік қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, бизнесмендер, ауылшаруашылық жер иелері, мұнай, газ саласы мамандары, оқу-орнындарының оқытушылары құрайды.

Рәсім барысында институт оркестрінің сүймелдеуімен плац-концерт, қарумен демонстрация көрсетіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір