• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:31:48
Алматы
+35°

19 Қазан, 2018 Оқиғалар

Алматыда тағы бір нашақорлар жиналатын үй жойылды

Күдіктілер Алматы қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды тасымалдайтын арналарды шектеу және алдын алу мақсатында «Канал-Красный Бархан» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Бұл іс-шара қала маңындағы шағын аудандардың бірінде өткізілді. Іс-шара барысында есірткіге тәуелділерге арналған баспана табылды. Үй иелері – 1969 жылы туған Ш. есімді азамат пен 1984 жылы туған П. есімді азаматша.

Біздің бөлімшенің қызметкерлері, СОБР жауынгерлері, кинология қызметтерімен бірлесіп арнайы іс-шара өткізді, соның нәтижесінде сот-химиялық сараптама көрсеткендей, жалпы салмағы 110 грамнан астам есірткі заты «героин» табылды. Тергеу барысында пәтерге нашақорлар есірткі сатып алу үшін келіп жүргені белгілі болды. Айтпақшы Ш.есімді азамат бұрынырақта бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін, ал, П.есімді азаматша есірткі құралдарын сақтағаны үшін сотталған», - деп айтты Алматы қаласы ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мошкалов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297 бап 3 тармақ және 302 бап есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын жіберу немесе сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, сондай-ақ, осылар үшін үй беру немесе ұйымдастыру бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер Алматы қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір