• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:33:47
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 IT

Алматыда Samsung компаниясының тұңғыш цифрлық көрмесі ашылды

Көрмеде келушілер назарына Алматының QLED заманауи теледидарының алдыңғы қатарлы мүмкіндіктері кеңінен көрсетілген фотосуреттері ұсынылды.

Абай атындағы опера және балет театрында тұңғыш рет инновациялық көрме өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Көрмеге Samsung Electronics компаниясының QLED заманауи теледидарының алдыңғы қатарлы мүмкіндіктері кеңінен қолданылған Алматының фотосуреттері қойылды.

QLEG

Сонымен қатар Алматылықтардың сүйікті аллеясына айналған, жаңартылған Панфилов көшесінің бойында қала тұрғындары мен қонақтар үшін шаһардың жоғары сапалы суреттерін көруге болатын аспан астындағы ерекше көрме ашылды.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Samsung Electronics компаниясының QLED теледидарлар брендімен бірігіп ұйымдастырылды. Компания "Алматыдағы бір күн, өмір сүруге арналған шаһар" атты кітап-фото альбомын ұсынды.

көрме

Жаңа басылымда оңтүстік астананың бірегей фотосуреттерін тамашалап, қаланың тыныс-тіршілігін, таныс көшелерін және азаматтардың күнделікті өмірін көруге болады.

Көрме Ambient Mode жаңа фирмалық режимімен жасалған QLED теледидары экспозицияның негізі обьектісі болуымен ерекшеленді. Бұл режим теледидарға қабырғаның, жиһаздың түсіне еніп, басқа да пайдалы ақпараттарды ұсына алатын мүмкіндік береді.

Көрмеге келушілер заманауи өнерді жаңаша тәсілмен, әсіресе QLED теледидары арқылы фотосуреттердегі әрбір детальды анық әрі 100 пайыздық түс көлемімен тамашалайтын мүмкіндікке ие болды. 

Көрменің құрметті мейманы болған қала әкімі Бауыржан Байбек Samsung Elecrtonics компаниясына алғыс айтты.

qled

"Бұл инновациялық көрменің Алматы қаласының дамуы мен мәдениеті үшін маңызы жоғары. Өздеріңіз білетіндей Алматы – мың бояулы қала. Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз үшін ең маңызды шешімдерді осы қалада қабылдаған.  Фотоальбомды бірінші рет көргенде қатты қуандым. Қаланы дәл осы қалпында көре білу үшін, оны шексіз сүю керек",- деді шаһар басшысы.

Samsung Elecrtonics компаниясының президенті Бен Юн қазақстандықтар үшін инновациялық мүмкіндіктерді енгізуге қуана келісетінін айтты.

Бір жыл бұрын компания Астанадағы EXPO-2017 көрмесінде QLED желісінің өнімдерін ел назарына ұсынса, бүгін Алматыда үлкен мереке ұйымдастырып жатыр. Аталмыш бренд оңтүстік астанада 1996 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

"Біз мегаполистің жыл сайын өсіп келе жатқанына, әлеуметтік жауапкершілік пен инновациялық тәсіл сынды өзгерістерге үлесін қосқаны үшін қуаныштымыз. Бұл үрдістер қалада өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.  QLED телевизиялық бренді - айналадағы шынайы көріністерді жарқын түстерде және күнделікті өмірде көрінбейтін ең кішкентай бөлшектерді көрсетуді қалайтынымыздың айқын дәлелі", - деді Юн.

юн

Іс-шара барысында Samsung және Алматы қаласының әкімдігі денсаулық сақтау, білім беру мен "жасыл" технологиялар, "ақылды қала" жобасын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір