• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:29:57
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 NEWS

Алматыда Қытайдағы қазақтардың жаппай сотталуына қатысты жиын өтті

Бүгін Алматы қаласында Қытайдағы қазақтардың Қазақстанға барғандығы үшін қудаланып, тергеліп, сотталуына байланысты баспасөз-маслихаты өтті

Бүгін Алматы қаласында Қытайдағы қазақтардың Қазақстанға барғандығы үшін қудаланып, тергеліп, сотталуына байланысты баспасөз-маслихаты өтті, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Баспасөз-маслихатына саясаттанушы Расул Жұмалы,  қоғам белсенділері Марат Тоқашбай пен Қыдырәлі Оразұлы қатысты. Сонымен бірге баспасөз-маслихатына Қытайда сотталған қазақтардың туыстары да қатысып, мән-жайды баяндап берді.

Баспасөз-маслихатына қатысушылардың сөзіне сүйенсек, Қытай елінде  қазақстандық азаматтығы бар, Қазақстанда тұратын  қазақтардың туыстары белгісіз себеппен сотталып, қудалануда. Ал Қытай елі болса  істі болған қазақтар қандай қылмыс жасағандығы туралы нақты ақпарат бермей отыр.

Қытай Баспасөз

 Баспасөз-маслихатының негізгі мақсаты — Қазақстан үкіметіне осы мәселені жеткізу, араша сұрау. Айта кететін болсақ, Расул Жұмалы егер осы мәселе шешілмейтін болса белсенділер мен жәбірленушілер жиналып Халықаралық Сотқа шағымданатынын айтып өтті.

Еске сала кететін болсақ, алдағы уақытта Қытай елінде құрылтай өтетін болады. Осы құрылтай кезінде аталған мәселе оң шешімін табатынына сеніміміз мол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір