21 Қазан, 2018 NEWS
Алматыда қазақстандық журналистің мәйіті табылды
Әлеуметтік желіде Әйгерім Мұсаеваның күндіз үйден шығып кетіп, қайтып оралмағаны жөнінде ақпарат тараған болатын.
Алматы қаласында кеше күндіз үйінен шығып кеткен қазақстандық журналистің мәйіті табылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде Әйгерім Мұсаеваның күндіз үйден шығып кетіп, қайтып оралмағаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Үйден шығарда телефонын үйіне қалдырып кеткен. Әлеуметтік желіге тараған ақпаратқа сәйкес, ол соңғы рет Алатау ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы бейнекамералардың біріне түсіп қалған.
Бүгін түнде журналистің жақындарына қаралы хабар келген. Әзірге журналистің неден қайтыс болғаны белгісіз. Қазір құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі Әйгерім Мұсаеваның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір