• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:13:54
Алматы
+35°

10 Қазан, 2018 Аймақтар

Алматыда мұнай өнімдерінің сапасын бақылау мәселелері талқыланды

Алматыда өткен дөңгелек үстелде қазақстандық мұнай өнімдерінің өндірісі, айналымы және сапасын бақылау мәселелерін талқылады

Алматыда өткен дөңгелек үстелде қазақстандық мұнай өнімдерінің өндірісі, айналымы және сапасын бақылау мәселелерін талқылады.

2018 жылғы 10 қазанда Алматы қаласында «Қазақстанда мұнай өнімдерінің өндірісі және айналымы. Ағымдағы жағдайы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушысы - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, қатысушылар қатарында қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен автодилерлердің өкілдері болды.

Іс-шараны аша отырып, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары – коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Төлеміс Шотанов: «Қазақстандық зауыттарды жаңғырту аяқталып келеді, ол ішкі нарықты толықтырып қана қоймай, сонымен бірге болашақта жанармайды экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, отандық өндірістегі мұнай өнімдерінің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және шетелдік аналогтардан кем түспейді» деп атап өтті.

Экологиялық класы К4-К5 жанармайларының айырмашылықтарын айтқанда, зауыттардың өкілдері бензин мен дизель отынының экологиялық көрсеткіштері айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Мысалы, класы К5 жанармайына талап оның құрамындағы күкірт класы К2 жанармайына қарағанда 50 есе төмендігін, бензолдың үлесі 5% -дан 1%-ға дейін төмендегенін қарастырады. Сәйкесінше, бұл автокөліктердің шығарындыларын төмендетуге ықпал етіп, жалпы еліміздегі экологиялық ахуалға оң әсерін тигізетін болады.

Дөңгелік үстелдің қатысушылары отандық МӨЗ жаңғырту жобаларының аяқталу, экологиялық класы К4-К5 автокөлік жанармайларының сапасын бақылау, қазақстандық жанармайдың сапасын сақтауын қамтамасыз етуде заманауи технологиялар және сапасын бақылау туралы жан-жақты ақпарат алды. «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінің Сынақтау орталығының бір зертханасына барып, оларға «ішінен»  тікелей бақылау жүйесінің жұмысын өз көздерімен көру, зертхананың жабдықталуы  мен қызметкерлердің кәсіпқойлығына жоғары бағалау мүмкіндігі туды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір