• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:27:15
Алматы
+35°

Алматыда қазақша детектив жазатын үздік авторлар анықталды.

Байқау 4 айға созылған. Еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен аса шығарма жолданып, ең мықты деп танылған отыз шығарма газет бетіне жарияланыпты. Жеңімпаздар ақшалай сыйақымен марапатталды.  Жүзден жүйрік шыққан шығарма авторына 500 мың теңге берілді.

«Кемел Тоқаевты «детективтің королі» деп айтып жатамыз ғой. Одан кейін осы жанрда жазатындар сиреп кетті. Сондықтан аталмыш жанрды қайта жандандырайық деген ой келді. Және құқықтық саладағы жалғыз басылым болғандықтан, бізге осы жанрды бұдан ары қарай түгендеп, оны жазып жүрген адамдарды марапаттап, осы жанрға деген қызығушылықты тудырсақ деген ой келді», – деді ұйымдастырушы, «Заң» газетінің бас редакторы Айнұр Сембаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір