• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:10:46
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2019 NEWS

Алматы тұрғындары үйдегі пештердің өрт қауіпсіздігіне алаңдайды

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үйдегі өрт қауіпсіздігі - негізделген қажеттілік екенін жақсы біледі

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үйдегі өрт қауіпсіздігін жете сезінуі тиіс. Дегенмен, оны білу – бір бөлек те, ал түсіну – мүлдем басқаша, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Өкінішке қарай, өрт қауіпсіздігіне жауапсыз қарау, электр жабдықтары мен пештерді пайдалану ережелерін бұзу қалада күн сайын орын алатын апаттардың негізгі себептері болып қала береді.

Жылыту маусымының басталуына дейін бір ай бұрын Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы аумақтағы барлық үйлерді толықтай аралап шыққан еді. Ал жылыту маусымы аясында департамент қызметкерлері қала тұрғындарымен апта сайын кездесулер өткізіп келеді. Кездесу барысында тұрғындарды көбінесе өз үйлеріндегі пештердің өрт қауіпсіздігі жағдайы алаңдататыны анықталды.

Алматы

Жалпы, департамент жекеменшік тұрғын секторында орналасқан 145 мыңнан астам тұрғын үйді есепке алды. Жазатайым оқиға болған 20 мыңнан астам үйлер қайтадан тексерілді. Үй иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар берілді. Сондай-ақ, 8395 адамды қамтыған 486 жиналыс өткізілді.

"Әр үйге қауіпсіздік" науқаны аясында Алматы құтқарушылары пешпен жылытылатын жекеменшік үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын дабыл құрылғыларын орнатты. Бұл құрылғылар негізінен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға және қарт адамдардың үйлеріне қойылды.

Уытты заттардың рұқсат етілген концентрациясы мөлшерінен асып кеткен жағдайда, көмірқышқыл газын анықтайтын дабыл құрылғысы іске қосылып, тұрғындарға қауіптілік туралы апаттық-дыбыстық сигнал естіледі. Бүгінгі таңда мұндай құрылғылар қала бойынша 136 жекеменшік үйге орнатылды.

Алматы

2019 жылдың 9 ақпанында Алматы гарнизонының жеке құрамы ЖПҚ-ы, аудандық әкімдіктер, «Нұр Отан» партиясы және ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілерімен бірлесіп, 8 мың 364 тұрғын үйді тексеріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 10 мыңнан астам жадынама табысталды.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тарапынан жекеменшік тұрғын үйлерде өрттің алдын алу шараларына қатысты жұмыстар жылыту маусымының аяғына дейін жалғасатын болады.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір