• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:43:54
Алматы
+35°

11 Ақпан, 2019 Спорт

Әлемдік шахмат додасында қыздарымыз озып, жігіттеріміз шаң қауып жатыр

Қазақстан шахматының тарихында Жансаяға дейін бірден үш тармақ бойынша әлемдік рейтингте топ жарған шахматшы болған емес

Дүние жүзінің бірнеше мәрте чемпионы Жансая Әбдімәлік жасы 20-ға толмаған қыздар арасында әлемдік рейтингте классика, рапид, блиц бойынша жеке-дара көш бастап тұр. Қазақстан шахматының тарихында Жансаяға дейін бірден үш тармақ бойынша әлемдік рейтингте топ жарған шахматшы болған емес. Яғни, Жансаяның бұл табысы - қазақ елі үшін тарихи жеңіс! Бұл – Жансаяның әлемдік жастар сайысындағы табысы.

Енді оның ересектер бәсекесіндегі қадамына тоқталайық2019 жылдың ақпан айының рейтингі бойынша 19 жастағы  Жансая Әбдімәлік дүние жүзіндегі ең мықты әйел шахматшылар арасында 19-сатыға табан тіреді. Жансая қазақстандық әйел шахматшылардан бірінші болып 2017 жылы  ерлердің халықаралық гроссмейстер дәрежесіне қол жеткізді. Ол кезде біздің қызымыз небары 17-де болатын. Ал әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер атағын Жансая 14 жасында олжалаған еді.

Қазақтың тағы бір дарынды қызы Динара Сәдуақасова  жер шарының ең күшті әйел шахматшылары рейтингінде әзірге 22-орында. Түсінген адамға Жансая мен Динара осы жеңістерімен қазақтың шахматтағы беделін әлемдік асқар белге көтеріп тастады. Дәл қазір жер жүзіндегі ең таңдаулы 25 әйел шахматшының үшеуі ғана мұсылман спортшылары. Солардың екеуі біздің қыздар, ал үшіншісі Иран шахматшысы - Сарасадат Хадемалшарих. Оның үстіне шахматта бокс пен күрестегідей салмақ дәрежесіне жіктелу жоқ. Бокста салмақ дәрежелеріне қарай 10 адам әлем чемпионы атанса, шахматта дүние жүзі бойынша ерлерден бір, әйелдерден бір спортшы чемпиондық тәжді киеді. Біздің Жансая мен Динараның жұмыр жердегі 200-ден аса мемлекет шахматшыларынан суырылып шығып, мойны озық 22 саңлақтың қатарынан орын тебуі Алаш жұрты үшін өте мерейлі сәт.

Шахмат

Тағы бір қуана хабарлайтын жағдай, Жансая қызымыз әзірге жер шарындағы ең күшті 30 әйел шахматшының арасындағы ең жасы кішісі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Ресей мамандарының шақыруымен  Мәскеуге көшкен Бибісара Асаубаева қызымыз (жасы 14-те)    әлемнің ТОП-100 әйел шахматшыларының ішінде 89-орынға көтерілді. Алла жолын оңғарса, енді екі-үш жылда Бибісара қыз Ресейдің үш жолақты туын шахмат көгіне көтермесіне кім кепіл?!

Хош, қыздарымыздың шахматтағы қадамы жан сүйсінтеді. Ал Жансая мен Динараның деңгейінде бір қазақ азаматының жарқырап шыға алмағаны жанымызға батып жүр.

Енді   ең озық әйел шахматшылардың әлемдік рейтингіне назар салыңыздар:

Standard Top 100 Women February 2019

 

 

 

Rank

Name

Title

Country

Rating

Games

B-Year

 1

 Hou, Yifan

 g

 CHN

 2662

 0

 1994

 2

 Ju, Wenjun

 g

 CHN

 2575

 0

 1991

 3

 Lagno, Kateryna

 g

 RUS

 2560

 0

 1989

 4

 Muzychuk, Anna

 g

 UKR

 2558

 2

 1990

 5

 Koneru, Humpy

 g

 IND

 2541

 0

 1987

 6

 Muzychuk, Mariya

 g

 UKR

 2538

 2

 1992

 7

 Kosteniuk, Alexandra

 g

 RUS

 2532

 2

 1984

 8

 Goryachkina, Aleksandra

 g

 RUS

 2518

 0

 1998

 9

 Dzagnidze, Nana

 g

 GEO

 2513

 0

 1987

 10

 Tan, Zhongyi

 g

 CHN

 2502

 0

 1991

 11

 Gunina, Valentina

 g

 RUS

 2501

 0

 1989

 12

 Khotenashvili, Bela

 g

 GEO

 2491

 0

 1988

 13

 Stefanova, Antoaneta

 g

 BUL

 2486

 0

 1979

 14

 Zhao, Xue

 g

 CHN

 2485

 0

 1985

 15

 Khademalsharieh, Sarasadat

 m

 IRI

 2476

 2

 1997

 16

 Sebag, Marie

 g

 FRA

 2476

 0

 1986

 17

 Harika, Dronavalli

 g

 IND

 2471

 0

 1991

 18

 Kashlinskaya, Alina

 m

 RUS

 2470

 0

 1993

 19

 Abdumalik, Zhansaya

 m

 KAZ

 2468

 0

 2000

 20

 Paehtz, Elisabeth

 m

 GER

 2466

 13

 1985

 21

 Pogonina, Natalija

 wg

 RUS

 2465

 0

 1985

 22

 Saduakassova, Dinara

 m

 KAZ

 2462

 13

 1996

 23

 Cramling, Pia

 g

 SWE

 2462

 1

 1963

 24

 Lei, Tingjie

 g

 CHN

 2460

 9

 1997

 25

 Batsiashvili, Nino

 g

 GEO

 2459

 0

 1987

 26

 Girya, Olga

 wg

 RUS

 2457

 2

 1991

 27

 Shen, Yang

 m

 CHN

 2453

 0

 1989

 28

 Socko, Monika

 g

 POL

 2452

 1

 1978

 29

 Javakhishvili, Lela

 m

 GEO

 2452

 0

 1984

 30

 Atalik, Ekaterina

 m

 TUR

 2451

 2

 1982

Қыдырбек Рысбек

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір