• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:33:46
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 Әлем

Әлемдегі ең сұлу 10 мұсылман қыз кім?

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі ең әдемі мұсылман әйелдерін білесіз бе? Олар тек сұлулығымен ғана емес, сондай-ақ істеген ісімен көпке үлгі және құрметті тұлғалар.

Сұлулық – әйел затының басты қаруы, ұлы нәрселерге жету үшін адамдарды жігерлендіре алатын күш. Адамдар тұрғылықты жері немесе ғибадатына байланысты сұлу болмайды, себебі Құдай осы планетадағы барлық адамдарды әдемі және ерекше етіп жаратқан. Сіз әлемнің әртүрлі елдеріндегі ең әдемі мұсылман әйелдерін білесіз бе? Олар тек сұлулығымен ғана емес, сондай-ақ істеген ісімен көпке үлгі және құрметті тұлғалар. Бұл әйелдер әртүрлі мамандықтардың иелері, әртүрлі көзқарас пен азаматтық позицияға ие, бірақ олардың барлығы тартымды, күшті, талантты және ақылды. Олар мұсылман әлемінің ең әдемі ханшайымдары деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

  1. Амират әл-Тавил (Сауд Арабиясы)

1

Әлемдегі мәртебелі ханшайымдар жақсы өмірін мансап пен саяси қызметке арнауға шешім қабылдай бермейді. Амира әл-Тавил – сондай қиын жолды таңдаған ханшайымдардың бірі. Сауд Арабиясының ең бай Шейхтер отбасында дүниеге келіп, кейін Сауд Арабиясының ханзадасына үйленді, бірақ он жылдан кейін олардың некелері аяқталды. Бұл жағдайда әйелдің бастамасы бойынша ажырасу - араб әлемі үшін бұрын-соңды болмаған оқиға. Қазір Амира 36 жаста, ол феноменальды сұлулыққа ие және соңғы жылдары мұсылманның ең ықпалды әйелдерінің бірі. Ханшайым қайырымдылық қорын басқарып, араб халқының гуманитарлық және әлеуметтік мәселелерін шешуде елші қызметін атқарады. Ол 70-тен астам елге барып, британдық корольдік отбасымен достық қарым-қатынас орнатқан (атап айтқанда, Принс Филиппен бірлескен зерттеу орталығын ашты) және бүкіл әлемдегі араб әйелдерінің имиджін танымал ету үшін көптеген пайдалы нәрселер жасады. Саудтық ханшайым Амира Аль-Тавил – сұлулық, интеллект және рухани мейірімділікті ұштастыра білген мұсылман қызы.

  1. Рехам Хан (Пәкістан)

2

Рехам – журналист, жазушы, тележүргізуші және өте әдемі әйел. Ол Америкада  Би-Би-Си телеарнасында көп уақыт жұмыс істеп, онда ауа райы болжамын жүргізген, алайда 2014 жылы  Пәкістанға оралып, жергілікті саясаткер Имран Ханға үйленеді. Арабтарға бұл неке дәстүрлі емес, ерсі көрінген. Алайда ол өз сұлулығы мен ақылдылығының арқасында көпке танымал. Рехам ән мен бидің шынайы табынушысы, сондай-ақ шоколадты қатты сүйетін адам ретінде белгілі. Ол саяхат жасауды жақсы көреді  және 4 тіл біледі, екі жоғары білімі бар. Рухани бай, мәдениетті мұсылман қызы.

  1. Несрин Тафиш (Палестина)

3

Несрин Тафиш - үлкен, гипнозды көздері бар талантты палестиналық актриса. Болашақ жұлдыз Алеппода дүниеге келген. Бала кезінен бастап теле-шоуларда эпизодтық рөлдерді сомдап, 20 жасында арабтық ойын-сауық индустриясында танымал адамдардың бірі болды. 2011 және 2013 жылдары Несринге Палестинадағы ең әдемі әйел атағы берілді және ол жыл сайын осы құрметті атағын сұлулығы мен ақылдылығымен растап келеді.

  1. Зарина Кхан (Үндістан)

4

Зарина - ұлы және талғампаз көрінетін шығыс әйелдеріне жат сұлулыққа ие актриса және модель. Ол үлкен экраннан түспейді, көптеген танымал брендтерді таныстырушы және әлемдегі жетекші сән дизайнерлерімен жұмыс істейді, қайырымдылықпен белсенді айналысады. Зарина ойнаған барлық фильмдер үлкен табыс жинап, Голливудтың ең көп қаралған туындысына айналады. Актриса  шет елдерге де танылуда. Әйгілі жұлдыз Салман Кханмен бірге түскен "Вир" атты фильмі Зарина Кханның атын әлемге танытты. Жақын арада Зарина Кхан Голливудтың жетекші режиссерлерінің жобаларының біріне қатысады.  

  1. Мина Абу Сулейман (Сауд Арабиясы)

5

Мина – АҚШ-та өсіп, білім алған америкалық әйел. Есейгенде Сауд Арабиясына көшіп, азаматтық және саяси қызметке белсенді араласып, әлемдегі ең беделді мұсылман әйелдердің бірі ретінде танылды. Ол Сауд Арабиясындағы әйелдердің құқығын қорғап, елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін арттырып, Шығыс пен Батыс арасындағы дипломатиялық байланыстарды орнатады. 2007 жылдан бері БҰҰ-ның ізгі ниетті елшісі болды. Муна Сулейман теледидарда да үлкен сұранысқа ие, ол араб тіліндегі әйгілі ток-шоудың жүргізушісі.

  1. Сарин Абдельнир (Ливан)

 6

Сарин – даңқты әнші. Ол ешқандай қолдаусыз өзінің  3 студиялық альбомын шығарып, көпке танымал болды. Көп ұзамай сұлулығы мен актрисалық шеберлігін байқап, ол теледидарға шақырту алады. Осылай 40 жастағы Сарин Абдельнир Ливандағы ең бай және ең танымал киножұлдыз болып саналады. Көптеген мұсылман әйелдерден айырмашылығы, Сарин еуропалық сәнді ұнатады және жиі ашық, дәстүрлі емес киімдерде киінеді. Алайда бұл оның өте сұлу мұсылман қызы екеніне еш шүбә келтірмейді.

  1. Махра әл Мактум (БАӘ)

7

Махра әл Мактум – Дубайдың ханшайымы, ең бай Шейх Мұхаммед әл Мактумның әйелі. Оның келбеті араб қыздарының нағыз сұлулығын көрсетеді.  Махра – әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы. Оның Faceboоk парақшасынан көптеген фотосуреттер мен араб сұлуының өміріндегі соңғы жаңалықтарды біле аласыз.

  1. Махира Хан (Пәкістан)

8

Махира Хан – Пәкістаннан шыққан жұлдыз. Оның фильмдері өте танымал және үлкен экрандарда жиі көрінеді. Өз еліндегі ең жоғары ақы төленетін актриса болды. Сіз оның талантына "Soul mate" фильміндегі ойынына қарап таң қаласыз. Махираның эмоционалдық рөлдеріне өте жоғары баға беріледі.

  1. Фaxpие Эвджен (Түркия)

7

Фахрие – талғампаз, өте әдемі әйел және түрік киносының ең талантты актрисаларының бірі.  Ол «Құлдық үшін ақы» сериалындағы рөлінің арқасында беделге ие болды және «VOGUE» журналы мұқабасының ажарын ашып, әлемнің жетекші дизайнерлерінің шоуларында үлгі көрсетті. Бірақ Фaxpие Эвджен сұлу ғана емес,  үш шет тілін (неміс, испан және ағылшын) меңгерген, сондай-ақ Стамбулда бірнеше балалар үйін ашып, қайырымдылыққа көп уақытын бөлетін мейірімді мұсылман қыз.

  1. Шейх Манал (БАӘ)

10

Шейх Манал – өзінің керемет көріктілігімен  және белсенді саяси қызметі үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне өте танымал мұсылман әйел. Дизайн мен маркетинг саласында екі жоғары дәрежелі білімі бар Шейх Манал мұсылман қоғамында әйелдердің жағдайын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ол барлық әлеуметтік, мәдени және экономикалық салаларда белсенділік танытып, мұсылман әйелдерінің құқын қорғайды. Сонымен қатар, Шейх Манал – суретші. Оның көптеген жеке көрмелері бар және жас араб суретшілеріне арнайы гранттар бөлумен айналысады. Шейх Манал – БАӘ-нің негізін қалаушысының жары және екі кішкентай баланың анасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір