• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:49:32
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2018 NEWS

Әлемде болған тылсым құбылыстар (видео)

2012 жылы бірнеше ел тұрғындары бір уақытта түсініксіз дауыс естіген

Әлемде түсіндіруге келмейтін түрлі оқиғалар орын алып жатады. Ғалымдардың өзі оған кейде ғылыми түсініктеме бере алмайды.

2012 жылы көп елде естілген дыбыс

2012 жылы бірнеше ел тұрғындары бір уақытта түсініксіз дауыс естіген. Әлеуметтік желіде де бір уақытта жердің түкпір-түкпірінен адамның шыңғырған даусына ұқсас дыбысты камераға түсіріп жариялап жатқандардың саны көбейе бастады. Ең алғаш түсініксіз дыбысты Канадада естіген. Осыдан кейін Финляндия, Украина, Ресей және Орталық Америкада соған ұқсас видео жарияланды.

Жолдағы оқиға

Бұл оқиға Австралияда болды. Көлікте орнатылған регистраторға белгісіз жанның жол бойында қозғалыссыз тұрғаны түсіп қалған. Ер адам әйелімен түнгі бірлер шамасында көлікпен кетіп бара жатқан. Сол уақытта бір адамның қозғалыссыз тұра қалғанын байқайды. Жүргізуші адамды айналып өтпек болғанда ол көлікке қарай жүгіріп, біртүрлі дыбыс шығарады. Ерлі зайыпты қорыққаннан жылдамдықты көбейтіп, полицияға хабарласқан. Алайда, іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді.

Жолдағы беймәлім мақұлық

Бұл видеода жүргізуші жолда келе жатып камераны ақ түсті бейнеге қаратады. Белгісіз мақұлық ақсаңдап жүргізушіге қарай бет алады. Видеодан жүргізушінің қорыққаннан айқайлаған дауысын естуге болады. Ер адам қайта артқа қарай жүруге мәжбүр болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір