• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:01:43
Алматы
+35°

02 Қараша, 2017 Алаш-Орда

Алашорда–100 жыл: 100 жетім бала мен 100 студентке 4 млн. тг көмек беріледі

Ендігі кезек 100 жетім бала мен 100 мұқтаж студентке 20 мың теңгеден жалпы қоры 4 миллион теңге көмек көрсетіледі.

«Қамшы» ақпарат агенттігі жыл басынан бері «Алашорданың» 100 жылдығының құрметіне 5 іс-шараны жоспарлаған. Соған орай 5 наурызда Әлихан Бөкейханның туған күніне орай Алаш арыстарының рухына арнап, Байтұрсынұлы мұражай үйінде ас берілген. Сәуір айында Байтұрсынұлы саябағына 100 ағаш отырғызылды. Ендігі кезек 100 жетім бала мен 100 мұқтаж студентке 20 мың теңгеден жалпы қоры 4 миллион теңге көмек көрсетіледі. Ал «Алаш арыстарының 100 ізбасарына» дауыс беру «Elek.kz» сайтында жалғасуда. Айта кетерлігі осы іс-шараның бәріне қарапайым азаматтар мен Алматы қаласы әкімдігі ерекше қолдау көрсетті.

Әрине, бір жолда 4 миллион теңге көмек көрсету ашылғанына енді ғана 5 жыл болған «Қамшы» ақпарат агенттігі үшін оңай міндет емес. Сондықтан да 24 қарашада «Ugai production» әншілерінің «Жыламасын сәбилер» атты қайрымдылық концертін өткізуді жоспарладық. Ел сүйетін «Алашұлы» этно-тобында бірнеше жыл өнер көрсеткен Ұшқын Жамалбек бауырымыздың бастамасымен құрылған «Ugai production» бұл күнде біраз тыңдарманның алғысына бөленген ұжым. «Дүр қамшы», «Жыламасын сәбилер», «Бәрі сен үшін» т.б. танымал әндердің орындаушылары Ұшқын Жамалбек, Әсет Есжан, Ochooou(Олжас Абай) сынды өнерпаздар Алматыдағы алғашқы концертінде Сіздер үшін ән шырқамақ. 100 жетім бала мен 100 студентке қажетті 4 миллион теңге «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейтін» өздеріңіз сияқты тыңдармандардың көмегімен жиналады деп сеніп отырмыз. Қайырымдылыққа жиналған ақша мұқтаж жандарға дәл сол концерт төрінде табыс етіледі. Өткен мен бүгінді жалғастырған мұндай іс-шара «Рухани жаңғыру» сынды мемлекет саясатына сәл де болса қолдау деп біліңіздер. Әл-Фараби бабамыз армандап өткен «Қайырымды қала тұрғындарын» асыға күтеміз.

Билеттер 2000, 3000,4000,5000, 20000 теңгеден сатылады. Егер Сіз 20000 теңгеге билет алсаңыз бір жетім балаға немесе бір студентке көмек көрсеттім деп біліңіз.

Қолдау көрсетуші: Алматы қаласы әкімдігі

Ұйымдастырушы: @Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры

Кеш қонақтары: «Алашұлы», Мөлдір Әуелбекова, Дана Кентай т.б.

Билет сатып алу үшін байланыс телефоны: 8-701-708-27-25, 8-707-138-94-64

Эл.пошта: [email protected]

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір