• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:20:21
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2018 Алаш-Орда

«Алаш алыптары мен арыстарының ең лайықты ізбасарымын»

Жанқияр халықшыл, турашыл, сыншыл тұлғалардың жолына қақпан құру қашан тоқдайды?

Иә, бұл – расында да бұлтартқысыз имандай шындық. Бұл – Құдай алдында да, ұлы бабалар аруақтары алдында да тарихи айдай анық ақиқат. Қазақ елінде бабалардың қаны мен аналардың көз жасына бөккен киелі жер үшін, ұлт, ұрпақ, шәкірт қамы үшін кімнің кім болғанын, кімнің қандай дәрежеде тіршілік кешіп жатқанын қазақ халқы бәрін де талдап, өте жақсы біліп отыр. Бүгінгі қазақ елінде ұлт, ұрпақ үшін адал туған, жанын қияр зиялы қауым жоқтың қасы екенін халық жақсы біледі. Бұл ащы шындықты Алаштың ғасырлық тойының қарсаңында ашық айтуға да, еріксіз мойындауға да міндетті елміз. Сол себептен де ұлтсыздық пен опасыздықтан, жағымпаздық пен сатылымпаздықтан аулақ болғандықтан күллі ұлт, халық, ұрпақ алдында арым таза күйде ғұмыр кешуге мәжбүр болғандығым, адал адамгершілік пен текті кісіліктің алауы әрқашанда аса асқақ дәрежеде айқын болғандығы сөзсіз. Себебі халқымның маған деген теңдесі жоқ ұлы махаббатынан, ынтық сенімінен артық алтын сыйлық, жоғары мәртебе болуы мүмкін бе, ағайын?! Жоқ. Болмайды. Болуы мүмкін де емес. Демек, бұл – кез келген мемлекеттік сыйлықтан, беделді мәртебеден әлдеқайда аса жоғары әрі аса бағалы келетіні әлімсақтан аян.

Айталық қазақтың бүгінгі және келешек дербес тәуелсіздігін, мемлекеттік ұлттық ұтқыр құрылымды ұтымдылықпен орнықтыру жолында «Оян, қазақ!», «Елім қайтып күн көрер?!», «Ел мен жерді қорғар ер қайда?», «Ұқпасаң, қор боласың қазақ!»...  басқа да көптеген сан алуан қилы өткір де жанайқайлы өлең жолдарын, түйткілді де өзекті мақалаларды ұдайы жариялау арқылы һәм қазақты тәуелсіз ел бола білуге, алаңсыз көктеп өркендей білуге үндеу сонау 1970 жылдан, яғни өмір бойы үнемі ат үстінде жарқырап жүріп, жанқиярлық дәрежемен күресіп келемін. Құдіретінен айналайын киелі Жердің, қасиетті Елдің қамы үшін, ұлт, ұрпақ, шәкірт қамы үшін өлшеусіз тер төгумен, өмірлік озық үлгі-өнегелердің алтын дәнін себумен, сәулелі шуағын шашумен келемін. Ақырында бұл қажымас қажырлы да қайсар еңбекқорлығыма қатысты Алаш жұрты аса жоғары бағасын беріп, Ұлы Даланың Халық Академігі деп атап кетті. Сонымен бірге Алаш алыптары мен арыстарының ең лайықты ізбасары деп айшықтады. Алаштың Асан Қайғысы, Махамбеті, Елатасы, Абызы... сынды айшықталған әйгілі ат қойып, құрмет көрсетудің де жеткілікті екені әмбеге аян. Бұндай айтулы абыройым мен мерейімді ақпарат көздері жариялаумен келеді. Ақырында осы мақаланың авторы жайлы тұщымды деректердің негізінде белгілі жазушы Талғат Айтбайұлы «Қазағым» деген біз бармыз» атты романды және ақын Әбдіқадыр Бөрібекұлы «Жүрегі ұлылармен үндескен жан» атты өлең романды жазуларына ең негізгі себепшісі болды. Аталмыш романдарға қоса, арнаулы сан алуан өлең, мақала, күй жарық көріп, оқырман қауымның қолына жетті. Әлбетте, ел, ұлт өнегесі мен құдіреті зор атқарылған ұлттық істерің мен ұрпаққа қалдырған іздеріңді халық жоғары бағалап жатса, ел есінде қалдыруды шегендеп жатса, бұл – ұлы бақыт. Қысқасы, бұның бәрі менің өмірімдегі ең ұмылмайтын ең айтулы ұлы құбылыс – міне, осы. Бұл, әрине, ертеңгі күні о, дүниеде де тыныш ұйықтау үшін аса қажет.

Мінеки, бүгінгі және келешек ұрпақтарымыз үлгі-өнеге аларлықтай күрескерлік үрдіспен соңғы ақтық демім таусылғанша, қазағым деп соққан жұдырықтай жүрегім тоқтағанша, аттан бір сәтке де түсуді, белімді тыныстауға шешуді білмей өмірлік күресті жетілдіре түсу, оздыра білу, бұл – ең негізгі міндетім болды. Тәуелсіз ұлттың жастарының мықты және рухты болып, көкте еркін самғауында ұлттың айтулы қайраткер тұлғасы дәрежесіне көтерілу, бұл – қазақтың ең жарқын бақытты ғұмыр кешуі үшін аса қажет. Өйткені кешегі ұлы ата-бабаларымыз бен Алаш алыптарының қазақ ұлты үшін аңсаған арманы да, ұлттық аманаты да толыққанды дәрежеде орындала қойған жоқ. Демек, олардың ұлтшылдық ұлы ұстанымы қандай еді? Бүгінгі қазақ елінің, оның билік иесінің Алаш алыптары алдындағы қарыздары мен парыздарын қапысыз өтеудегі ұлттық шынайы ұтқыр дәрежесі қандай күйде? Шынайы ақиқат-шындыққа әділ де тура, даңғыл жол қашан ашылады? Жанқияр халықшыл, турашыл, сыншыл тұлғалардың жолына қақпан құру қашан тоқдайды?

Молдағали МАТҚАН

Халықаралық Мұстафа Кемал Ататүрік атындағы

Алтын медалдің иегері, қоғам қайраткері,

публицист-жазушы, академик

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір