• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:45:11
Алматы
+35°

26 Қыркүйек, 2018 Ғылым-білім

Алақай, WI-FI! Енді мектептерде...

Интернет бар, WI-FI жоқ. Бұл да қиындықтар туғызады. Әсіресе, үлкен мектептерге дейді Құмар Ақсақалов.

Облыстық әкімдіктің отырысында мектептерді интернетпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Қазір облыстағы мектептердің 87 % кең жолақты интернетке қосылған. Петропавл мен аудан орталықтарында бұл көрсеткіш 100 %, ауыл мектептерінде 85 % құрайды. Жыл соңына дейін тағы 41 мектепке ғаламтор жетеді. Сөйтіп, жыл соңында мектептердің 94 % кең жолақты интернетке қосылса, интернетпен қамтасыз ету 100 % жетеді. Дегенмен, облыс әкімі облыстағы мектептердің тек 70 % ғана  WI-FI желісіне қосылған дейді.

Ақсақалов

«Интернет бар, WI-FI жоқ. Бұл да қиындықтар туғызады. Әсіресе, үлкен мектептерге. Қызылжар ауданында барлық мектептер интернетке қосылған, алайда WI-FI желісіне тек 25 % қосылған. Аудан әкімдері келесі жылы бұл бағытқа бюджеттен қаражат қарастырсын»,- деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы бұл мәселені облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімоваға өз бақылауына алуды тапсырды.

Айта кету керек, жыл соңында солтүстікқазақстандық оқушылардың 95 % «Күнделік.KZ» бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істей алады. Қала мектептерінде «SMART балабақша» және «SMART мектеп» атты пилоттық жобалар жүзеге асып жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір