• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:15:00
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 Әлем

Адвокат: Маған Роналдудан зорлық көргенін айтып тағы бір әйел хабарласты

Майоргамен соттасу кезінде футболшы Португалия құрамасының алдағы матчтеріне қатыса алмайды.

Лесли Стовалл атты адвокат «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жалғыз Кэтрин Майорганы зорламағанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтының дерегін негізге алып. 

«Маған танымал спортшыдан зардап шеккенін айтып тағы бір әйел қоңырау шалды», - дейді Стовалл. Адвокат зардап шеккен екінші әйелдің атын айтпады. Алайда адвокаттың айтуы бойынша, зардап шеккен әйел футболшыдан зорлық көргені туралы Лас-Вегас полициясына ақпарат беретінін айтқан.

28 қыркүйекте шетелдік сәнбике Майорга алғаш рет ресми түрде Роналдуды айыптаған болатын. Бұл оқиға 2009 жылы Лас-Вегаста болған. Кэтрин Майорганың айтуы бойынша, спортшы кейін оған өтемақы ретінде 375 мың доллар төлеген.

Роналду бұл айыптауларды мойындамады және онымен соттаспақ. Майоргамен соттасу кезінде футболшы Португалия құрамасының алдағы матчтеріне қатыса алмайды. Ал Роналдудың қазіргі сүйіктісі Джорджина Родригес танымал спортшыдан сырт айналмай, қолдау білдірген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір