• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:59:12
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2018 NEWS

Әділбек Қаба Сенаттың баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды

Әділбек Қаба – жүздеген ғылыми, публицистикалық мақаланың авторы, аты мәшһүр журналист.

Белгілі журналист Әділбек Қаба Парламент Сенаты Баспасөз қызметінің жетекшісі болып  тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әділбек Қаба – жүздеген ғылыми, публицистикалық мақаланың авторы, аты мәшһүр журналист қана емес, бірнеше кітабымен оқырманын қуантқан қаламгер.

Ол «Арай-Заря» журналында тілші, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») басылымның жауапты хатшысы  – бас редактордың орынбасары, «Айқын» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Тіл және қоғам» журналының бас редакторы, ҚР Бас прокуратурасы аппаратында Басқарма бастығы – Баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған.

2012 жылдан бастап Әділбек Қаба ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында Баспасөз бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Өзін мұнда да ісіне мығым, табанды, білікті маман, қарымды қаламгер ретінде танытып, Президенттің Жарлығымен «Тәуелсіздікке 20 жыл» мемлекеттік наградасымен және ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Әріптесімізге жаңа қызметінде таудай табыс тілейміз. Әмсе сәттілік жолдас болсын!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір